Bosch PSA 18 LI (06033B2301) без акк. и з.у [46/103] Жинау

Bosch PSA 18 LI (без акк.и з.у.) (0.603.3B2.301) [46/103] Жинау
46 | Қaзақша
1 609 92A 1PZ | (20.1.16) Bosch Power Tools
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9,
70538 Stuttgart, GERMANY
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Аккумуляторды шешу (В суретін қараңыз)
Аккумуляторды 8 шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін 11 басыңыз және аккумуляторды электр
құралдан артқа шығарыңыз. Тартқан кезде күш
салмаңыз.
Аралау полотносын орнату/алмастыру
Ара полотносын орнатуда қорғаныш қолғабын
киіңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін
тудыруы мүмкін.
Ара полотносын алмастыруда ара полотносы
патроны материал қалдықтарынан, мысалы, ағаш
немесе метал жоңқаларынан бос болуы қажет.
Ара полотносын таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану
нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек ½"-әмбебап
тұтқалары бар ара полотноларын орнатыңыз. Ара
полотносы кесік үшін қажетті ұзындықтан артық болмауы
керек.
Ара полотносының тұтқа қалындығы 0,81,6 мм болуы
керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полтноларын
пайдаланыңыз.
Ара полотносын салу (А суретін қараңыз)
SDS тұтқышын 4 алға басып ара полотносын 1 басу
тақтайшасы 10 артына ара полотносы патронына 3
басқарыңыз. SDS тұтқышын 4 босатыңыз.
Ара полотносын тартып бекем тұруын тексеріңіз.
Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғарыда) қайта орнатуға болады.
Ара полотносын алу
Шығарудан алдын ара полотносын суытыңыз.
Аралау плотносына тиюден жарақат алу қаупі бар.
SDS тұтқышын 4 алға басып ара полотносын 1
шығарыңыз. SDS тұтқышын 4 босатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Тербелуді реттеу
Тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және
аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға
мүмкіндік береді.
Бұрама қосқышпен 5 тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
Henk Becker
Executive Vice President
Engineering
Helmut Heinzelmann
Head of Product Certification
PT/ETM9
Тербеліс өшірілген:
Жұқа немесе қатты материалдарды
мысалы, қаңылтыр, болат өңдеу үшін.
Таза кесік қырларына жету үшін.
Тербеліс қосулы:
Түсті метал, қатты ағаш, пластмасса
немесе қаттылғы орташа материалдарды
өңдеу үшін.
Жұмсақ материалдарды, мысалы жеңіл
құрылыс материалдарын,
оқшауландыру материалын, жұмсақ
ағашты, құрылыс ағашын өңдеу.
OBJ_BUCH-1997-003.book Page 46 Wednesday, January 20, 2016 1:40 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать