Bosch PSA 18 LI (06033B2301) без акк. и з.у [47/103] Пайдалану нұсқаулары

Bosch PSA 18 LI (06033B2301) без акк. и з.у [47/103] Пайдалану нұсқаулары
Қaзақша | 47
Bosch Power Tools 1 609 92A 1PZ | (20.1.16)
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Тек электр құралыңыздың зауыттық
тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық
Bosch литий-иондық аккумуляторын
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану
жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Зарядталған аккумуляторды 8 электр құралының
тұтқасына сенімді тіреліп бекітілгенінше жылжытыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен қосу блокадасын 7
оңға немесе солға басыңыз. Сосын қосқыш/өшіргішті 6
басып ұстап тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті жіберіңіз 6.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 6
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)“ арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті 6 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 6 жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Электр құралын
салқындату үшін шам. 3 минут максималды жүріс санында
істетіңіз.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалу бойынша қолдануда электр құралы артық
жүктелмейді. Қатты жүктелуде немесе аккумулятор
температурасы рұқсат етілген 50 °C асып кетсе
электроника электр құралын ол потималды температура
аймағына қайтпағаныша өшіреді.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Ұсыныстар
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине, бұранда
т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастап тиісті ара
полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын 2 дайындама сыртына қойып материалды
бір қалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағаннн соң электр құралын өшіріңіз.
Ара полотносы тұрып қалса электр құралын бірден
өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз
кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Бұралатын тірек тақтасы (C суретін қараңыз)
Тірек тақтасы 2 жылжымалылығы себебінен тиісті беттің
бұрышына сай ретте лайықталады.
Қол арасы (DE суреттерін қараңыз)
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол
арасымен метал заттарын өңдемеңіз!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралының тірек тақтасының 2 қырын
дайындамаға қойып қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын
ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 2 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғары) қайта орнатуға болады.
Тығыз аралау (F суретін қараңыз)
Икемді биметал ара полотноларымен, мысалы су
құбырлары т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін
тікелей қабырғада аралауға болады.
Ара полотносы өңделетін дайындама диаметрінен
ұзын болуына әрдайым көз жеткізіңіз. Кері соққы
қаупі бар.
Ара полотносын қабырғаға тығыз қойып, электр құралы
шетінен басып, тірек тақтаны қабырғаға тигізіп аздап
қисайтыңыз. Электр құралын қосып дайындаманы
тұрақты реттегі басымбен аралаңыз.
Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.
OBJ_BUCH-1997-003.book Page 47 Wednesday, January 20, 2016 1:40 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать