Philips HR7770 [52/132] Қазақша

Philips HR7770 [52/132] Қазақша
2 Қажетті жабдығымен бірге құрал ұстағышын табақтың ішіне
салыңыз (пышақ, бұлғау жабдығы, араластыру дискі немесе
ендірмелердің біреуі қондырылған ендірме ұстағышы).
Төмендегі сәйкес бөлімді оқыңыз.
3 Пышақты немесе бұлғау жабдығын қолданғанда өңделетін
ингредиенттерді табаққа салыңыз.
Ескертпе: Табақты MAX деңгейінен асырып толтырмаңыз.
4 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін (“сырт”
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 3).
Ескертпе: Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына түскенін
тексеріңіз.
5 Ендірмесі бар ұстағышты пайдаланғанда ингредиенттерді тамақ
салатын түтік арқылы салып, оларды итергіш құралымен төмен
қарай итеріңіз.
6 Табақтағы жабдық түсіне сәйкес келетін жылдамдықты
таңдаңыз. Төмендегі сәйкес бөлімді оқыңыз.
7 Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге
қойыңыз (Cурет 4).

- Тамақ салатын түтікті сұйық және/немесе қатты ингредиенттерді
қосу үшін пайдаланыңыз. (Cурет 5)
- Қатты ингредиенттерді тамақ салатын түтікте төмен итеру үшін
итергішті пайдаланыңыз. (Cурет 6)
Кеңес: Сонымен қатар, итергішті тамақ салатын түтікті жабу үшін
пайдалана аласыз. Бұл ингредиенттердің тамақ салатын түтіктен
шығып кетуіне жол бермейді.

Ингредиенттерді турау, араластыру, шайқау немесе олардан езбе
жасау үшін, пышақ бөлігін пайдалануға болады.
1 Пышақтың қорғау жабынын алып тастаңыз (Cурет 7).
52
Жиектері өте өткір. Оларды қолмен ұстамаңыз.
2 Құрал ұстағышты табаққа орнатыңыз. (Cурет 8)
3 Пышақ бөлігін табақтағы құрал ұстағышқа орнатыңыз (Cурет 9).
4 Ингредиенттерді табаққа салыңыз. Тағамның үлкен бөліктерін
алдын ала 3 x 3 x 3 см шамасындағы бөліктерге бөліп
алыңыз (Cурет 10).
Ескертпе: Ингредиенттерді салмас бұрын, табаққа құрал ұстағышы
мен пышақ бөлігін орнатып алыңыз.
5 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін (“сырт”
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 11).
Ескертпе: Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына түскенін
тексеріңіз.
6 Итергішті тамақ салатын түтікке орнатыңыз.
7 Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 12).
8 Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 4).

- Пиязды турағанда жылдамдық таңдаушыны P (серпіліс қалпы)
қалпына бірнеше рет апарыңыз, бұл пияздың тым жұқа туралуына
жол бермейді (Cурет 13).
- Қатты ірімшік немесе шоколадты тураған кезде, құралды тым ұзақ
жұмыс жасатпаңыз. Әйтпесе, бұл ингредиенттер қызып кетеді де,
еріп, кесектеніп қалады.
- Пышақ бөлігін кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз
бөліктері сияқты қатты ингредиенттерді кесуге пайдаланбаңыз,
себебі бұл - пышақтың өткірлігіне әсер етеді.
- Егер тамақ табақ қабырғасына жабысып қалса, құралды сөндіріп,
токтан суырыңыз. Қабырғаға жабысып қалған тамақты алып тастау
үшін, күрекшені қолданыңыз.

Содержание

Скачать