Philips HR7770 [54/132] Қазақша

Philips HR7770 [54/132] Қазақша

Майдалауыш дискілерін сіз крем, жұмыртқа, жұмыртқа ағын шайқауға,
ерітілмелі пудинг, майонез және бисквитті араластырмалар жасауға
қолдансаңыз болады.
1 Құрал ұстағышты табаққа орнатыңыз (Cурет 8).
2 Майдалауыш дискіні құрал ұстағышқа орналастырыңыз (Cурет 2
5).
3 Ингредиенттерді ыдысқа салыңыз. (Cурет 26)
4 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін (“сырт”
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 27).
5 Итергішті тамақ салатын түтікке орнатыңыз.
6 Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 17).
7 Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 18).

- Майдалауыш дискілерді май немесе маргарин қосылған кремдер
мен қосындылар жасауға қолдануға болмайды. Бұл үшін
араластыру қосымша бөлшегін қолданыңыз (6-бетті қараңыз).
- Жұмыртқа ағын шайқар алдында ыдыс және майдалауыш дискілер
кебу және майлы емес екендігін тексеріңіз. Жұмыртқа ақтары
бөлме температурасында болуы тиіс.

Араластырғыштың қызметі:
- Сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар,
коктейльдер сияқты сұйықтықтарды шайқау.
- құймаққа арналған сұйық қамырды немесе майонезді дайындау
үшін жұмсақ ингредиенттерді араластыру.
- мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған өнімдерден пюре
дайындау.
54
1 Араластырғыш ыдысын мотор бөлігіне қондырып (1) оны сағат
тілі бойынша айналдырып орнатыңыз (2). Араластырғышты
мотор бөлігіне төрт түрлі қалыпта орнатуға болады (Cурет 28).
Араластырғыш ыдысының тұтқасын қатты күшпен баспаңыз.
2 Ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салыңыз (Cурет 29).
Араластырғыш ыдысына температурасы 80ºC -тан жоғары
ингредиенттерді салмаңыз.
Төгілмеу үшін, ыдысты ешқашан максимум деңгей көрсеткішінен
асырмаңыз, әсіресе, ыстық сұйықтықтар араластырғанда.
3 Қақпақпен араластырғыш ыдысын жауып (1), бекіту үшін сағат
бағытымен бұраңыз (2) (Cурет 30).
4 Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 12).
Араластырғыш қосулы кезде қолыңызды немесе басқа затты
ыдысқа салуға болмайды.
Екі салымды өңдеп болған соң, құралды әрдайым бөлме
температурасына дейін суытып алыңыз.
5 Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 4).

- Құрал қосулы кезде қақпақты ашып, сұйық немесе қатты
ингредиенттерді араластырғыш ыдысына сала аласыз (Cурет 31).
- Құралды неғұрлым ұзақ істетсеңіз, араластырылуы соғұрлым
жақсырақ болады.
- Қатты ингредиенттерді араластырғыш ыдысына салмай тұрып,
алдын ала бөлшектеп алыңыз. Үлкен мөлшерде дайындайтын
болсаңыз, барлығын бірден іске қосудың орнына, кішігірім
мөлшерден салыңыз.
- Мұз текшелерін сындыру үшін оларды ыдысқа салып, қақпақты
жабыңыз да, одан кейін жылдамдық таңдаушыны P (серпіліс
қалпы) қалпына апарыңыз.

Содержание

Скачать