Philips HR7770 [53/132] Қазақша

Philips HR7770 [53/132] Қазақша
- Ендірме саңылауын тұтқа шошағының үстіне қарай
итеріңіз. (Cурет 20)
- Ендірмені ұстағышқа «сырт» етіп орныққанша басып
тұрыңыз (Cурет 21).
3 Ендірмесі бар ұстағышты құрал ұстағыштың үстіне
орнатыңыз (Cурет 22).
4 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін (“сырт”
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 23).
Ескертпе: Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына түскенін
тексеріңіз.
5 Итергішті тамақ салатын түтікке орнатыңыз. (Cурет 24)
- Көлемі үлкен ингредиенттерді тамақ салатын түтікке сай
болатындай бөлшектерге алдын ала бөліп алыңыз.
- Жақсы нәтижеге жету үшін тамақ салатын түтікті бірқалыпты етіп
толтырыңыз.
- Сізге тым көп мөлшердегі ингредиенттерді шайқау/турау керек
болса, онда кішкене бөліктермен шайқап/тураңыз, және
ыдысты арасында босатып отырыңыз.
6 Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 17).
7 Итергішті тамақ салатын түтіктегі ингредиенттерге сәл итеріңіз.
8 Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 18).

- Жұмсақ ингредиенттерді майдалағанда немесе түйіршіктегенде,
төмен жылдамдықты таңдаңыз, сонда сіздің ингредиенттеріңіз
езбеге айналып кетпейді.
- (Қатты) ірімшікті ұсатқанда, құралды ұзақ уақыт қолданбаңыз. Егер
осылай етсеңіз, ірімшік өте ыстық болып, ери бастайды және іртік
болып кетеді.
- Ендірмелерді шоколадты өңдеу үшін қолданбаңыз. Бұл мақсатта
тек пышақты пайдаланыңыз.
 53

Нан немесе пиццаға арналған ашытылған қамырды араластыру үшін,
қосымша араластыру бөлшегін қолдануға болады.
1 Құрал ұстағышты табаққа орнатыңыз (Cурет 8).
2 Қосымша араластыру бөлшегін құрал ұстағышқа
орнатыңыз. (Cурет 14)
Ескертпе: Ингредиенттерді салмас бұрын, табаққа құрал ұстағыш
пен пышақ бөлігін орнатып алыңыз.
3 Ингредиенттерді ыдысқа салыңыз (Cурет 15).
4 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін (“сырт”
етеді), оны сағат бағытымен (2) бұраңыз (Cурет 16).
Ескертпе: Қақпақтың шошағы табақ тұтқасының ойығына түскенін
тексеріңіз.
5 Итергішті тамақ салатын түтікке орнатыңыз.
6 Қосымша қондырғы түсіне сәйкес жылдамдықты
таңдаңыз (Cурет 17).
7 Өңдеу аяқталғаннан кейін, жылдамдық таңдауышын 0-ге қойып,
құралды токтан суырыңыз (Cурет 18).

Мұз текшелері сияқты қатты ингредиенттерді ендірмелермен
өңдемеңіз.
Ендірмелердің жүздері өткір. Оларды қолмен ұстамаңыз.
1 Құрал ұстағышты табаққа орнатыңыз (Cурет 8).
2 Ұсақтау, тілімдеу немесе түйіршіктеу метал ендірмесін
ұстағышқа қондырыңыз.
- Ендірме саңылауын ендірме ұстағышының дәл үстіне келетіндей
орнатыңыз (Cурет 19).

Содержание

Скачать