Philips HR7770 [56/132] Қазақша

Philips HR7770 [56/132] Қазақша

Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін
ақаулықтар жинақталған. Егер төменде берілген ақпараттың
көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық Шешімі
Жылдамдық
таңдаушысын P
(серпіліс
қалпы) қалпына
апарғанда
құрал
қосылмайды.
Тамақ өңдеуші құрал табағы және оның қақпағы
немесе араластырғыш ыдысы дұрыс
қондырылғанын тексеріңіз («сырт» ете түседі).
Тамақ өңдеуші құралмен бірге қосымша
жабдықтарды пайдаланған болсаңыз, құрал
ұстағышы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Араластырғыш ыдысын қолданғанда ол төрт
құлыптау қалпының біреуінде тұрғанын тексеріңіз.
Ингредиенттердің шашылуына жол бермеу үшін
қақпақты жауып қойыңыз. Тамақ өңдеуші құралды
қолданғанда табақ тұтқасы құлыптау белгінің дәл
үстінде тұрғанын тексеріңіз. Қақпақтың шошағы
табақ тұтқасының ойығына түскенде табақ дұрыс
орнатылады. Барлық бөлшектер дұрыс орнатылған
болса, жылдамдық таңдаушы көмегімен
жылдамдықты таңдағанда немесе «Пульс»
түймесін басқанда, құрал жұмыс істей бастайды.
Пайдаланып
жатқан жабдық
үшін қате
жылдамдық
таңдалды.
Жабдықтың түсін тексеріңіз және жылдамдық
таңдаушымен сәйкес жылдамдықты таңдаңыз.
Араластыру
дискі немесе
бұлғау
жабдығы
айналмайды.
Араластыру дискі немесе бұлғау жабдығы құрал
ұстағышқа дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Сонымен қатар, тамақ өңдеуші құрал табағы мен
қақпағы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
56


Ингредиенттер:
- 250 г жоғарғы сұрыпты ұн
- 1/2 шай қасық қант
- 1/2 шәй қасық тұз
- 1/2 ашытқы пакеті
- 140 г жылы су
- 25 г май
1 Құрал ұстағышты табаққа салып, шайқау қосымша
қондырғыларын құрал ұстағышқа орналастырыңыз.
2 Құрғақ ингредиенттердің барлығын табаққа салып, су мен май
құйыңыз.
3 Қақпақты табақтың үстіне қойып орнатыңыз («сырт» ете
түседі). Бұлғау жабдығына сәйкес келетін жылдамдықты таңдап,
қамыр жақсы иленгенше құралды қосып қойыңыз.Бұл 30 секунд
уақытты алады.
4 Қамырды табаққа салып, оны дымқыл орамалмен жабыңыз
және көлемі екі есе көбейгенше, 40 минутқа қалдырыңыз.
5 Үстел үстін ұнмен сылап, қамырды домалатыңыз және екі пицца
қамырының негізін жасап, май жағылған пісіру табасына
салыңыз.
6 Пицца қамырының негізін қызанақ соусымен және өзіңізге
ұнайтын ингредиенттермен жабыңыз. Ірімшік, сиыр етін, салями,
саңырауқұлақ, тунецпен, пияз, артишок, қызыл бұрыштар және
т.б. қолдануға болады. Пиццаға кішкене орегано сеуіп, зәйтүн
майын құйыңыз және дайындаңыз.
Кеңес: 200 г ірімшікті (пармезан немесе гауда) ұсақтау үшін,
ұсақтайтын ендірмені қолдануға болады.Құрал ұстағышты табаққа
орнатып, ұсақтайтын ендірмесі бар ұстағышты құрал ұстағышына
орналастырыңыз. Қақпақты жауып құлыптаңыз («сырт» ете түседі).

Содержание

Скачать