First FA-8115-3 Руководство по эксплуатации онлайн

First FA-8115-3 Руководство по эксплуатации онлайн
мүмкін. Егер қызып кетсе, пайдалануды
тоқтатып, оны қайта пайдаланудан бұрын
салқындатыңыз.
Егер бұлшықеттеріңізде немесе
буындарыңызда ұзақ ауырсыну сезімі
байқалса, пайдалануды тоқтатып,
дәрігерден кеңес алыңыз. Үздіксіз ауырсыну
ауыр жарақаттың белгісі болуы мүмкін.
Массажерді ашық жараларға, күйіктерге,
ісіктерге, тері ауруларына немесе басқа
жарақаттарға пайдаланушы болмаңыз.
Массаж жағымды әрі жайлы болуы керек.
Егер ауырсыну пайда болса, аяқ ваннасын
қолдануды тоқтатып, дәрігермен кеңесіңіз.
ҚҰРЫЛҒЫҢЫЗ ТУРАЛЫ БІЛІП ЖҮРІҢІЗ
(A суреті)
1. Дисплей
2. Массаж біліктері
3. Қызыл жарық диодтары
4. Шашыратпайтын қақпақ
5. Су деңгейінің белгілері
6. Су жылытқыш
7. Су көпіршігі ағындары
8. Тасымалдау тұтқасы
9. Су ағызу
10. Хош иісті қорап
11. Саптама (массаж, щетка, пемза)
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
12. Қосу/өшіру
13. Температура
14. Су ағынының көпіршіктері
15. Қызыл жарық диодтары
16. Индикатор шамдары
ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР
1. Ыдысқа жылы су құйыңыз.
Су деңгейінің ішкі қабырғада көрсетілген
ең жоғарғы су белгісінен төмен екеніне көз
жеткізіңіз.
2. Аяқ ваннасын тегіс жерге қойыңыз.
3. Қуат көзіне қосыңыз. Құрылғы бір рет
дыбыстық сигнал шығарады.
4. Отырыңыз да, аяқтарыңызды ваннаға
салыңыз.
5. Қосу үшін «Қосу/өшіру» түймесін басыңыз.
Автоматты іске қосу бағдарламасы іске
қосылады.
6. Аяқтарыңызды рефлекстік біліктерде
артқа-алға қозғалтып, терең жасалатын
массаждан жақсы әсер алыңыз.
7. Педикюрлік көмекшіні пайдалану үшін
саптамалардың бірін таңдаңыз:
Пемза: теріні механикалық ысқылау
арқылы кетіруге арналған
Щетка: аяқ табанын тазалауға арналған
Массаж: тиімді демалдыруға және аяқтың
нүктелік массажына арналған
Саптаманы бассейндегі қажетті орынға
қойыңыз.
Саптамада аяқты алға-артқа қозғалтыңыз.
АВТОМАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Су жылытқыш суды жылытады және су
көпіршігі ағындары мен қызыл жарық
диодтары жанады. Дисплейде судың
температурасы көрсетіледі.
Өшіру үшін «Қосу/өшіру» түймесін басыңыз.
ТЕМПЕРАТУРА
Судың температурасын орнату үшін
«Температура» түймелерін пайдаланыңыз.
Температураны 35°C пен 45°C аралығындағы
мәнге орнатуға болады. Қажетті температура
орнатылғаннан кейін, дисплей судың
ағымдағы температурасын көрсетеді.
КӨПІРШІКТЕР/ДІРІЛ
Су ағынының көпіршіктері әдепкісінше
ҚОСЫЛАДЫ. Бұл функцияны қосу не өшіру
үшін «Көпіршік» түймесін басыңыз.
ҚЫЗЫЛ ШАМ
Қызыл шам әдепкісінше ҚОСЫЛАДЫ. Бұл
функцияны қосу не өшіру үшін қызыл шам
түймесін басыңыз.
ПАЙДАЛАНУДАН КЕЙІН
1. Құрылғыны ӨШІРІҢІЗ, сосын ток көзінен
ажыратыңыз.
2. Тасымалдау тұтқасы арқылы аяққа
арналған спаны алып жүріңіз.
3. Ағызу шүмегі арқылы судан босатыңыз.
Басқару тақтасынан асырып, суды төгуші
болмаңыз.
КҮТУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Қатты немесе абразивті тазартқышты
қолданбаңыз.
Пайдаланудан кейін таза сумен шайып,
дымқыл шүберекпен сүртіңіз, содан кейін
құрғатыңыз.
Ешқашан құрылғыны суға салмаңыз.
САҚТАУ
Құрылғының желіден ажыратылғанына
және салқындатылғанына көз жеткізіңіз.
Салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
220-240 В • 50-60 Hz • 450 Вт
Қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдіспен
жою.
Әрқашан қоршаған ортаны
ластанудан қорғаңыз! Жергілікті
ережелерді сақтауды ұмытпаңыз: істен шыққан
электр жабдықтарды қалдықтарды жоятын
тиісті орталыққа жеткізіңіз.
БАР АЯҚҚА АРНАЛҒАН ВАННАЛЫҚ
СПА ЖӘНЕ МАССАЖЕР
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ
МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
Құрылғыға су құяр алдында, оның
сөндірілгеніне және қуат көзінен
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Аяққа арналған спаны сусыз
пайдаланбаңыз.
Суға түсіп кеткен құрылғыны алуға
ұмтылмаңыз. Оны бірден ажыратыңыз.
Су қолдарыңызбен немесе аяқтарыңыз
суда тұрғанда, құрылғыны қосушы немесе
ажыратушы болмаңыз.
Құрылғы істеп тұрған кезде, оны қараусыз
қалдырмаңыз.
Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
Аяқ массажерінің ішінде тұрмаңыз. Оны тек
отырып қолданыңыз.
Суды ағызар алдында, құрылғыны әрқашан
қуат көзінен ажыратыңыз.
Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
Бұл құрылғы ойыншық емес. Балалардың
құрылғымен ойнамауын қадағалау қажет.
Балалар электрлік құрылғылармен жұмыс
істегенде туындауы мүмкін қауіптерді
түсіне алмайды. Сондықтан олар электрлік
құрылғыларды қолданғанда, балаларды
қараусыз қалдырмаңыз. Балалар жақын
жүрсе, айрықша абай болу керек.
8 жастан асқан балаларға бұл құрылғыны
дұрыс пайдалану жөнінде нұсқаулар
берілген болса немесе жандарында
ересек адам қадағалап тұрса және де
бұған қатысты қауіптерді түсінетін болса,
оларға құрылғыны пайдалуға болады.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын балалар жүргізбеуі тиіс,
тек 8 жастан асса және ересектердің
қадағалауымен ғана орындауға болады.
Құрылғы мен оның сымын 8 жасқа
толмаған балалардың қолы жетпейтін
жерде ұстаңыз.
Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе
ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе
тәжірибесі мен білімі төмен адамдарға
(оның ішінде балалар) пайдалануға
болмайды. Егер пайдаланатын болса,
олардың қауіпсіздігіне жауап беретін
адам қадағалап немесе құрылғыны қалай
қолдану керектігі туралы нұсқау беріп тұруы
керек.
Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
ФУНКЦИЯЛАРЫ:
Нүктелі массаж беті табандарыңызды
демалдыруға көмектеседі.
Қыздырылған түбі судың температурасын
тұрақты ұстап, шаршаған бұлшықеттерді
босаңсытады.
Жандандыратын көпіршіктер бұлшықеттің
шаршауын басуға көмектеседі.
Табандарыңызды арқылы емдеуге
арналған күш қайтаратын массаж.
Аяғыңызды жұмсартатын, тегістейтін және
қабыршақтайтын 3 арнайы саптамасы бар
педикюрлік көмекші.
АБАЙЛАҢЫЗ
Денсаулығыңызға қатысты қандай да
бір мәселелер болса, бұл аяқ массаж
жасағышын пайдаланудан бұрын
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Жүктілік, қант диабеті жағдайында немесе
ауырып жүргенде пайдаланудан бұрын
дәрігермен кеңесіңіз.
Бұл құрылғыны бір уақытта 20 минуттан
артық пайдаланбағаныңыз дұрыс.
Артық пайдалансаңыз, өнім қызып кетуі
ENGLISH ............................ PAGE 2
DEUTSCH ........................... SEITE 4
РУССКИЙ .............................. С Т Р. 7
POLSKI ....................... STRONA 10
SCG/CRO/B.i.H. .......... STRANA 13
ΕΛΛΗΝΙΚΑ .................. ΣΕΛΙΔΑ 15
ROMANESTE ............. PAGINA 18
БЪΛГАРСКИ ...................... СТР. 20
УКРАЇНСЬКА ................. СТОР. 23
FRANÇAIS ........................ PAGE 26
ITALIANO .................... PAGINA 28
NEDERLANDS ........... PAGINA 30
ESPAÑOL .................... PÁGINA 33
SVENSKA .................... PAGINA 36
SLOVENŠČINA ............ STRAN 38
ҚАЗАҚ
................................. БЕТ 40
INSTRUCTION MANUAL
FOOT SPA
BEDIENUNGSANLEITUNG
FUSSPFLEGEGERÄT
ИНСТРУКЦИЯ ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ
СПА ДЛЯ НОГ
INSTRUKCJA OBSŁUGI
SPA DO STÓP
UPUTSTVO ZA UPOTREBU
HIDROMASAŽNA KADICA ZA
STOPALA
ΟΔΗΓΙΕΣ ΧΡΗΣΕΩΣ
ΠΟΔΟΛΟΥΤΡΟ
MANUAL DE INSTRUCTIUNI
SPA PENTRU PICIOARE
УПЪТВАНЕ ЗА УПОТРЕБА
МАСАЖОР И СПА ВАНА ЗА КРАКА
ІНСТРУКЦІЯ З ЕКСПЛУАТАЦІЇ
ГІДРОМАСАЖНА ВАННОЧКА
ДЛЯ НІГ
MODE D’EMPLOI
BAIN DE PIEDS
MANUALE ISTRUZIONI
SPA PER PIEDI
GEBRUIKERSHANDLEIDING
VOETENSPA
MANUAL DE INSTRUCCIONES
SPA PARA PIES
BRUKSANVISNING
FOTSPA
PRIROČNIK Z NAVODILI
NOŽNA KOPEL
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
АЯҚҚА АРНАЛҒАН СПА
FA-8115-3
4140
ҚАЗАҚ
ҚАЗАҚ

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения