Haier HOQ-F3AAN3GB [105/107] Кепілдік шарттары

Haier HOQ-F3AAN3WB [105/107] Кепілдік шарттары
50
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: Room S401, Haier Brand building, Haier Industry park, Hi-tech Zone, Laoshan
District, Qingdao, Қытай, Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді жəне пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы бұйымның
жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалану үшін арналған тұрмыстық бұйымның
жұмысқа жарамды ресми мерзімі: бұйым кесімді тұтынушыға табысталған күннен бастап теледидарларға, микротолқынды пештер
5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге жəне теледидарлық приставкаларға 3 жыл, шаңсорғыштарға 4 жыл, ұялы
телефондар мен гироскутерлерге 2 жыл, қалған тауарларға 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты пайдалану
мерзімі айтарлықтай ресми мерзімнен артық болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды
жүргізу үшін жəне ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану
шарттарын ескере отырып өндірілген жəне техникалық талаптардың сəйкестілігіне арналған тиісті сертификаттауды өткен.
Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдікті міндеттемелердің шарттарын
зейін қойып оқып шығуыңызды сұраймыз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз
сатып алған бұйым арнайы орнатуды жəне іске қосуды талап еткен болса, Сізге Haier-дің Авторландырылған серіктесіне жүгінуді
қадала ұсынамыз.
Осы кепілдік талонымен Haier корпорациясы бұйымның ақаулары анықталған жағдайда қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау жөніндегі заңнамамен, басқа нормативтік актілермен белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі
міндеттемелерді өзіне қабылдағанын растайды. Бірақ Haier корпорациясы төменде аталған шарттарды сақтамаған жағдайда
кепілдікті де, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуден де бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті жəне сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Haier корпорациясы тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 12 ай кепілдікті мерзімді белгілейді жəне тауарды
тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 36 ай ішінде қосымша сервистік қызмет көрсетеді. Ықтимал түсінбестікке жол бермеу үшін
бұйымды сатқан кезде оған қоса берілетін құжаттарды (тауар чегі, кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық) қолдану мерзімі
ішінде сақтаңыз. Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсету Өндірушінің кінəсінен туындаған бұйымның ақауларын жою тұтынушы
үшін тегін. Бұл қызмет бұйым иесі тауар жəне кассалық чектерін, бұйымды сатып алу дерегін растаушы басқа құжаттарды көрсеткен
кезде ғана көрсетіледі.
Кепілдікті сервистік қызмет көрсету ерекше Haier-дің Авторландырылған серіктестерімен ғана көрсетіледі. Авторландырылған
серіктестердің толық тізбесін Сіз Haier ақпараттық орталығынан мына телефондар бойынша біле аласыз:
8-800-250-43-05 Ресей тұтынушыларына арналған (Ресей өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
7-727-233-30-00/ моб. 3210 «Сервис Маг» ЖШС (050016, Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 38А)
7-727-397-75-75 «Ascon-7» ЖШС (050010, Алматы қ., Сағадат Нұрмағамбетов к-сі, 25)
немесе www.haier-europe.com сайтында немесе help@haieronline.ru электрондық поштасында.
Авторландырылған серіктестердің деректері өзгертілуі мүмкін, анықтама алу үшін Haier ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан туындаған бұйымдарға таратылмайды:
тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау шарттары мен ережелерін бұзу;
бұйымды дұрыс орнатпау жəне/немесе іске қосу;
тоңазыту контурымен жəне электрлік қосылыстармен жұмыс технологияларын бұзу, сондай-ақ Бұйымды монтаждау үшін
құжаттармен расталған, тиісті біліктілігі болмаған тұлғаларды тарту;
Бұйымның пайдалану жөніндегі нұсқаулық талап еткен техникалық қызмет көрсету мерзімде болмауы;
суқұбыр желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;
бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды қолдану, сондай-ақ жуғыш құралдардың мөлшерлемесін асып кету;
бұйымды тағайындалмаған мақсаттарында пайдалану;
үшінші тұлғалардың əрекеттері: уəкіл етілмеген тұлғалармен жөндеу немесе өндірушімен санкцияланбаған құрылмалық немесе
сұлбалық техникалық өзгерістерді енгізу;
Стандарттардан жəне желілерді қуаттаушы нормалардан ауытқу;
еңсерілмейтін күштердің əрекеттері (апат, өрт, найзағай жəне т.б.);
жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз əрекеттері;
егер бұйым ішіне бөгде заттар, сұйықтықтар, жəндіктер, жəндіктердің тіршілік ету өнімдері түскеннен ақаулар анықталған болса;
су жылытқыштың сумен толтырылмаған / толық толтырылмаған бəгін қосу салдарынан термоқорғаныстың іске қосылуы.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету келесі жұмыс түрлеріне таратылмайды:
бұйымды пайдалану жерінде орнату жəне іске қосу;
тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқалама жəне кеңес беру;
бұйымды сырттан немесе ішінен тазарту.
Төменде аталған шығыс материалдар мен аксессуарлар кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсетуге жатпайды:
желдеткіштерге арналған сүзгілер;
кір жуғыш / ыдыс жуғыш машиналар үшін суды жеткізуге / ағызуға арналған сүзгілер, құбыршектер;
шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар, шаңжинағыштар;
қысқа толқынды пештерге арналған тəрелкелер, істіктер, ыдыстар мен тіреуіштер;
сүзгілер, иісті сіңіргіштер, лəмпішкелер, сөрелер, жəшіктер, тіреуіштер жəне тағамдарды тоңазытқышта сақтауға арналған өзге
сыйымдықтар;
басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуаттандыру элементтері, сыртқы қуаттандыру блоктары жəне зарядтау
құрылғылары;
бұйымға қоса берілетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыр жəне т.б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша төлеу арқылы жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіру мүмкіндігін бермейді жəне осы салдарынан оған
қызмет көрсету мүмкіндігі болмайды. Аспапта зауыттық сəйкестендіруші маңдайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық
маңдайшаларының зақымдалуы немесе болмауы кепілдікті міндеттемелерден бас тартудың себебі болуы мүмкін.
* қосымша сервистік қызмет көрсету электрлік су жылытқыштарға, қысқа толқынды пештерге, HRB-331 модельді тоңазытқыштарға,
мұздатқыштарға, газ плиталарына, шаңсорғыштарға, робот-шаңсорғыштарға, теледидарларға, теледидарлық приставкаларға,
планшеттік компьютерлерге, ноубуктерге, ұялы телефондарға, гироскутерлерге таралмайды.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ

Содержание

Похожие устройства

Скачать