Haier HOQ-F3AAN3GB [73/107] Гриль

Haier HOQ-F3AAN3WB белая [73/0] Гриль
18
3.
Конвекциялық гриль
желдеткіш және ішкі және сыртқы элементтердің қосылуы
Бұл функция үстіңгі элементтерден қатты жылуды пайдаланып, бетінде
қызарған қабық пайда болады, ал желдеткіш тағамды біркелкі пісіру
үшін қолданылады.
Ет, құс еті мен көкөніс тамаша дайындалады; өнімдер қытырлап әрі
сырттай қызарып піседі, ал іші сөлді және жұмсақ болады.
Тұтас тауық еті, сиыр еті немесе гриль тауық еті, балық және сүйікті
рецепт бойынша стейк үшін өте қолайлы.
4.
Гриль
үстіңгі ішкі және сыртқы элементтер
Жоғарғы екі элемент те қарқынды жылу шығарады. Төмен және
жоғары (100% қуат) температура диапазоны 11 деңгейге бөлінеді.
Алдын ала қыздыру қажет емес, дегенмен кейбіреулер тағамды
грильдің астына қоймас бұрын элементті бірнеше минут қыздыруды
жөн көреді.
Бұл картоп гратині мен фриттатаның үстіңгі жағын қызарту сияқты
көптеген тағамдарды “аяқтау” үшін ең қолайлы функция.
Нанды қуыруға немесе тағамның жоғарғы жағын қызаруға өте ыңғайлы.
5.
Конвекциямен пісіру
желдеткіш және жоғарғы сыртқы элемент және төменгі элемент
қосылады
Тұмшапеш желдеткіші ыстық ауаны тұмшапеш қуысында тарата
отырып, сыртқы жоғарғы және төменгі элементтерге бағыттайды.
Дайындалған тағамдар дәстүрлі “Пісіру” функциясында дайындалған
тағамдарға қарағанда тезірек қызарады.
Сізге дәстүрлі рецепттерде ұсынылғанға қарағанда пісіру уақытын
азайту қажет болуы мүмкін.
Жемістерді, көкөністерді және шөптерді 50°C сияқты төмен
температурада кептіру үшін конвекциялық пісіру режимін қолданыңыз.
Бір деңгейде пісіруге өте ыңғайлы; маффины, тоқаштар және кекстер
сияқты тағамдарды немесе, мысалы, энчиладас (ащы ет салмасы бар
құймақ) дайындау бір сағаттан аз уақытты алады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать