Haier HOQ-F3AAN3GB [56/107] Қауіпсіздік техникасы қағидалары

Haier HOQ-F3AAN3GB [56/107] Қауіпсіздік техникасы қағидалары
1
Осы тұмшапеш күнделікті тамақ дайындау кезінде қауіпсіз жұмыс істеу үшін
мұқият жобаланған. Оны пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік техникасы жөніндегі
ұсыныстарды сақтаңыз:
ЕСКЕРТУ!
Электр тогымен зақымдану қаупі
Шамды ауыстыру алдында, тұмшапешті өшіріп, суытып
алыңыз.
Бұл ұсынысты сақтамау электр тогының соғуына немесе
өлімге әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Кесу қаупі
Абайлаңыз, құрылғының өткір жиектері бар.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау кесуге немесе басқа
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ!
Тұтану қаупі
Пісіру кезінде алюминий фольганы, ыдыстарды, науаларды,
суды немесе мұзды пештің түбіне қоймаңыз - бұл эмальға
тұрақты зақым келтіреді. Пештің ішкі қабырғаларын
алюминий фольгамен жабу өртке әкелуі мүмкін.
Құрылғыңызды бөлмені қыздыру немесе жылыту үшін
пайдаланбаңыз.
Бұл күйіп қалуға немесе өртке әкеп соқтыруы мүмкін.
Құрылғының ішінде немесе оның бетінде сақтау:
пештің ішінде немесе оның бетінде тез тұтанғыш
материалдарды сақтауға тыйым салынады.
Бұл ұсыныстарды сақтамау қызып кетуге, күйікке және
жарақатқа әкелуі мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

Содержание

Похожие устройства

Скачать