Haier HOQ-F3AAN3GB [87/107] Панельді бұғаттау

Haier HOQ-F3AAN3GB [87/107] Панельді бұғаттау
32
3. Функцияны іске қосу үшін басыңыз. Дисплейде 00:20 көрсетіледі
және қалған уақытты санау басталады.
4. Бағдарлама аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал беріледі.
5. Тұмшапештің ішкі беттерін қажамайтын губкамен сүртіңіз. Пеш қуысын
тазарту үшін жылы суды немесе пештерге арналған арнайы жуғыш
заттарды қолдануға болады.
Тазалағаннан кейін тұмшапештің есігін шамамен 1 сағатқа ашық
қалдырыңыз. Құрылғының толық кебуін күтіңіз. Кептіруді тездету үшін,
тұмшапешті шамамен 15 минут бойы 150 °C температурада ыстық
ауамен жылытуға болады. Тазалау функциясының максималды әсерін
алу үшін функция аяқталғаннан кейін құрылғыны қолмен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ!
Күйіп қалу қаупін болдырмау үшін жұмыс кезінде пештің есігін ашпаңыз
Ішкі бетін ысқышпен тазалағанда қолды қорғау үшін жылуды оқшаулайтын
қолғап киіңіз.
10.
Панельді бұғаттау
Бұл функция тұмшапешті кездейсоқ пайдалануды болдырмауға арналған
(мысалы, балалардың пайдалануын). Құлыптау қосылған кезде басқару
элементтері белсенді емес және пеш қосылмайды.
Құлыпты орнату:
Жарық шамы қосылғанша және түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Панель бұғатталғанда тек қосу/өшіру және жарық түсіру батырмаларын
басқаруға болады.
Кез келген басқа түймесін басқан кезде 3 рет жыпылықтайды және
дыбыстық сигнал шығады.
Бұғаттан шығару:
Жарық индикаторы сөнгенше < және > түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать