Coolfort CF-3204 [21/52] Қазақша

Coolfort CF-3204 [21/52] Қазақша
21
ҚАЗАҚША
•
Егер жұмыс істеп тұрған құрылғының маңында бала-
лар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар болса,
онда ерекше назарда болыңыз.
•
Осы құрылғы балалардың пайдалануына арналмаған.
•
Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құралды балалардың қолы
жетпейтін жерге орналастырыңыз.
•
Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері төмендетілген
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) неме-
се оларда тәжірибесі немесе білімі болмаса, егер
олар бақыланбаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін
жауап беретін тұлғамен аспапты пайдалану туралы
нұсқаулықтар берілген болмаса, аспап олардың пай-
далануына арналмаған.
•
Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балаларды
қадағалау керек.
•
Балалардың қауіпсіздігі үшін қаптама ретінде пай-
даланылатын, полиэтилен пакеттерді қараусыз
қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакеттерімен
немесе қаптама үлдірімен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Тұншығу қауіпі!
•
Зарядтау станциясын тасымалдау үшін қуат блогының
қосқыш бауын пайдалануға тыйым салынады, қосқыш
бауы жиһаздың өткір жиегіне және ыстық беттерге
тимеуі тиіс. Шаңсорғыш қуат блогының қосқыш бауы-
нан жүріп өтпеуін қадағалаңыз.
•
Қуат блогы мен қосқыш бау күйін зақымданулар
жоқтығына қатысты мезгілімен тексеріп отырыңыз.
•
Егер қуат блогында немесе қосқыш бауында
зақымданулар болса, егер құрылғы кідіріспен жұмыс
істесе, сондай-ақ құрылғы құлаған болса, құрылғыны
пайдалануға тыйым салынады.
•
Құрылғыны өз бетінше жөндеуге тыйым салынады.
Құрылғыны өздігіңізден бөлшектемеңіз, кез келген
ақау шыққан жағдайда, сондай-ақ құрылғы құлаған
жағдайда аспапты сөндіріңіз де, байланысу мекен-
жайлары бойынша кепілдеме талонында және
www.coolfort.ru сайтында көрсетілген кез келген
авторланған (өкілетті) қызмет көрсету орталықтарына
жүгініңіз.
•
Зақымдануларға жол бермеу үшін құрылғыны тек
зауыттық қаптамада тасымалдаңыз.
•
Шаңсорғышты кәдеге асырудан бұрын аккумуляторлық
батареясын шығарып алып, оны тиісті қабылдау орны-
на тапсырыңыз. Шаңсорғыш тіпті қатты зақымдалған
болса да, аккумуляторлық батареясының жарылы-
сын болдырмау үшін одан аккумуляторлық батареяны
шығарып алмай өртеуге тыйым салынады.
•
Құрылғыны тек зауыт қаптамасында ғана тасымалдаңыз.
•
Құрылғыны салқын құрғақ жерде, балалар мен
мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
ОСЫ АСПАП ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН. ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР МЕН
ЖҰМЫС ҮЙ-ЖАЙЛАРЫНДА АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУҒА
ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мобильдік қосымшадағы навигация мен басқару
Құрылғыны басқарыңыз, жинау режимдерін
бағдарламалаңыз және COOLFORT мобильді қосымшасы
арқылы жұмыс процесін бақылаңыз.
АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Құрылғыны қысқы (суық) жағдайында тасымал
дағаннан кейін немесе сақтағаннан кейін, оны бөлме
температурасында кемінде үш сағат уақыт бойы
ұстау керек.
•
Шаңсорғышты қаптамадан шығарыңыз және қаптама
материалдарын және жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз.
•
Зауыт қаптамасын сақтап қойыңыз.
•
Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген жерлері
болған жағдайда құрылғыны пайдаланбаңыз.
•
Шаңсорғышты пайдалану ережелері мен қауіпсіздік
шаралары бойынша нұсқаулықты зерделеңіз.
•
Қуат блогының жұмыс кернеуі электр желісіндегі кер-
неуге сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
ҚАШЫҚТЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІ
Қашықтан басқару пультін пайдалану үшін, бата-
рей бөлімінің қақпағын ашыңыз және «AAA» типтес
2 қуаттандыру элементін, үйектілікті қатаң сақтап
салыңыз, батарей бөлімінің қақпағын жабаңыз.
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
қуаттандыру элементтерін қашықтан басқару пультінің
батареялық бөілігінен шығарыңыз.
Қуаттандыру элементтерінің ағуы құралдың
зақымдануының немесе бұзылуының себептері
болуы мүмкін. Бұзулыға жол бермеу үшін төменде
берілген нұсқаулықтарды орындаңыз:
«ААА» типті өлшемді қуаттандыру элементтерін
ғана пайдаланыңыз;
бір уақытта ескі және жаңа қуаттандыру
элементтерін, сонымен қатар әртүрлі типті
қуаттандыру элементтерін пайдаланбаңыз;
қуаттандыру элементтерін қайта зарядтауға
тыйым салынады;
қуаттандыру элементтерін үйектілікті қатаң
сақтап орнатыңыз;
құрылғы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса,
қуаттандыру элементтерін шығарып отырыңыз;
қуаттандыру элементтерін оларды ары қарай
кәдеге асыру үшін мамандандырылған орындарға
тапсырыңыз;
қуаттандыру қысқыштарының тұйықталуына жол
бермеңіз.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Бүйірлік қылшақтарды шешіп алу-орнату (2, 5)
(сур. 1)
•
Шаңсорғышты төңкеріңіз және бүйірлік қылшақтарды
шертілгенге дейін орнатыңыз (2, 5) (сур. 1).
•
Сол жақ бүйірлік қылшақ (5) орталығының түсі жасыл,
оң жағы (2) - қызыл.
Ескертпе:
1. Оң және сол жақ бүйірлік қылшақтар бір-бірін
алмастырмайды.
2. Әр қолданғаннан кейін қылшақтарды шаң мен
қоқыстардан тазартып, қажет болған жағдайда
жылы сумен шаю керек.
•
Бүйірлік қылшақты (2, 5) шешіп алу үшін, оны екі бау-
ынан ұстап жоғары қарай тартыңыз.
Қоқыс пен шаң жинауға арналған контейнерді (11)
шешіп алу-орнату
•
Роботтың жоғарғы қақпағын (12) ашыңыз және
контейнерді тұтқадан ұстап (27) шығарып алыңыз.

Содержание