Coolfort CF-3204 [22/52] Қазақша

Coolfort CF-3204 [22/52] Қазақша
22
ҚАЗАҚША
•
Сүзгі ұстағышын (23) HEPA-сүзгісімен (24) бірге шешіп
алыңыз.
•
Ұстағышты сүзгісімен шешіп алу үшін контейнер
қақпағында (25) тиісті ойығы болады.
•
HEPA-сүзгіні (24) жалаушасынан тартыңыз және оны
ұстағыштан (23) шығарып алыңыз
•
Контейнер қақпағының бекіткішіне (26) басыңыз және
контейнер қақпағын (25) ашыңыз.
•
Қоқыс пен үлкен бөлшектерді ұстап қалу үшін контей-
нер қақпағына кішкене тор біріктірілген.
•
Шаңнан қорғағыш клапанға (28) назар аударыңыз, ол
контейнер ішінде (11) орналасқан.
•
Клапан (28) шаңсорғыштан контейнерді шығарып алу
кезінде шаң мен қоқыстың түсуіне жол бермейді.
•
Клапан должен свободно открываться и закрываться
без каких-либо заеданий.
•
Контейнер (11) қақпағын (25) шертілгенге дейін
жабыңыз.
•
HEPA-сүзгіні (24) қайта ұстағышқа (23) орнатыңыз.
•
Сүзгісі бар ұстағышты (23) контейнер қақпағына (25)
қайта салыңыз.
•
Жиналған контейнерді (11) робот корпусына қайта
орнатыңыз және қақпақты (12) жабыңыз.
Зарядтау станциясын (32) орнатыңыз
•
Зарядтау станциясын қабырға тұсына еденнің тегіс
бетіне орнатыңыз, зарядтау станциясының негізі еден-
ге перпендикуляр болуы тиіс.
•
Зарядтау станциясы алдындағы бос кеңістік 1,5 мет-
рден кем болмауы тиіс, зарядтау станциясының
бүйірінен бос қашықтық 0,5 метрден кем болмауы
тиіс (сур. 2).
•
Зарядтау станциясындағы (32) ұяға (35) қуат блогы
(36) бауының байланыстырушы штекерін орнатыңыз.
Қуат блогының байланыстырушы бауын абайлап
тарқатыңыз, оның салбырап тұруын болдырмаңыз
(сур. 2, 3).
Ескертпе: Зарядтау станциясын үлкен шағылысу
қабілеті бар заттарға жақын орнатпаңыз, мысалы,
айналардың жанында, әйтпесе зарядтау станциясын
шаңсорғышпен іздеу қиын болады.
Суға арналған сұйыққойманы (21)
шешіп алу-орнату
Суға арналған сұйыққойманы шешіп алу үшін пернені (22)
басыңыз және оны робот корпусынан шығарыңыз.
Орнату үшін оны шертілгенге дейін қайтадан корпусқа
салыңыз (сур. 4).
Еденді ылғалды жинауға арналған аксессуарды (9)
шешіп алу-орнату
(Суға арналған сұйыққоймамен бірге ғана қолданы-
лады (21))
•
Микрофибра шүберегін (29) еденді ылғалдап жинауға
арналған саптамаға (30) келесідей орнатыңыз:
шүберекті (29) тегіс жағын жоғары қаратып, саптаманы
(30) жапсырмасымен төмен қаратып ұстаңыз, содан
кейін саптаманы шүберектің қалтасына салыңыз,
шүберекті ортасында сәл тартыңыз, матаны шеттерге
жайып, оны жапсырма көмегімен бекітіңіз.
•
Жиналған ылғалдап жинауға арналған каксессуар-
ды (9) суға арналған сұйыққоймаға (21) орнатыңыз,
ол үшін сұйыққоймадағы екі тесікті суретте (сур. 5)
көрсетілгендей екі нұсқармен саптама бекітпесімен
(30) сәйкестендіріңіз, содан кейін шертілгенге дейін
саптаманы басыңыз. Аксессуарларды шешіп алу
үшін саптамаға (30) сұйыққойма бағытына қарай (21)
басыңыз.
•
Микрофибрадан жасалған шүберекті (29) шешіп алу
үшін оны нұсқар бағытына қарай тартыңыз, суретте
көрсетілгендей (сур. 6).
РОБОТТЫ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА
Ескертулер: Тазалау аймағын тексеру үшін келесі
нұсқауларды қараңыз!
•
Еденнен шаңсорғыштың қозғалуына кедергі келтіруі
мүмкін болатын қуаттандыру бауларын, желі
ұзартқыштарын және басқа да ұқсас заттарды алып
тастаңыз.
•
Шаңсорғыш тегіс еденде немесе төмен түкті кілем
жабынында (1 см-ден кем) жұмыс істеуге арналған.
Ұзын түкті кілем жабындарын тазалау үшін
шаңсорғышты пайдалануға тыйым салынады.
•
Шаңсорғыштың қозғалу жолында еденге дейін
салбыраған дастархандар, перделер неме-
се интерьердің басқа да заттары жоқ екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Бөлмеде биіктігі еденнен 8,5 см-ден кемді құрайтын,
мысалы, айна немесе шыны сияқты шағылысатын
беттер жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Егер осындай-
лар бар болса, оларды жабыңыз немесе желімінен
ажыратыңыз, әйтпесе бұл жинау процесіне әсер етеді.
•
Жиһаз заттарының астындағы бос кеңістік 8 сантимет-
рден кем болмауы тиіс, әйтпесе шаңсорғыш жиһаздың
астында кептетіліп қалады.
•
Егер еденнен жиһазға дейінгі қашықтық 8 сантимет-
рден кем болса, жиһазды көтеріңкіреу керек немесе
осындай орындарға шаңсорғыштың кіруіне бөгетпен
қамтамасыз ету қажет.
•
Баспалдақ алаңшаларын жинағанда шаңсорғышқа
қосымша бөгеттер орнатыңыз.
•
Шаңсорғыштың еркін қозғалуы үшін жиһаз затта-
рын реттеп қойыңыз, еденнен бөгде заттарды алып
тастаңыз.
•
Жиһаздары тұрақсыз үй-жайларда шаңсорғышты
пайдаланбаңыз, әсіресе олардың үстінде интерьердің
сынғыш заттары немесе жанып тұрған майшамдар
орнатылған болса.
•
Шаңсорғыш корпусына бөгде заттарды қоймаңыз және
орналастырмаңыз, сондай-ақ шаңсорғыштың корпу-
сына үй жануарларының орналаспауын қадағалаңыз.
•
Шаңсорғышты пайдаланар алдында шаңсорғыштың
қозғалу жолында тар орындардың болмауына көз
жеткізіңіз.
РОБОТТЫ ПАЙДАЛАНУ
АККУМУЛЯТОРЛЫҚ БАТАРЕЯНЫ ЗАРЯДТАУ
Қолмен зарядтау (сур. 7)
•
Қоректендіру блогының қосқышы ашасын (36) роботты
зарядтау ұясына (19) салыңыз.
•
Қоректендіру блогын (36) электр розеткасына
салыңыз, робот зарядтала бастайды, осы ретте
дауыстық хабарлама естіледі, ал қосу батырмасының
индикаторы (16) « » жасыл түспен жыпылықтай
бастайды.
•
Зарядтау аяқталғанда батырма индикаторы (16)
тұрақты жана бастайды.
•
Қоректендіру блогының қосқыш бауын (36) роботтың
зарядтау ұясынан (19) шығарып алыңыз.

Содержание