Coolfort CF-3204 [23/52] Қазақша

Coolfort CF-3204 [23/52] Қазақша
23
ҚАЗАҚША
Ескертпе: Аккумуляторлық батареяның алғашқы
зарядталуын 8 сағаттан артық өткізіңіз, осы ретте
қоректендіру сөндіргішін (20) күйіне (I) орнатыңыз.
Автоматты (базалық) зарядтау
•
Зарядтау станциясын (32) жоғарыдағы ұсыныстарға
сәйкес орнатыңыз.
•
Зарядтау станциясының ұясына (35) қоректендіру
блогы бауының қосқыш штекерін (36) салыңыз.
•
Шаңсорғышты зарядтау станциясының дәл ортасына
орнатыңыз. Дұрыс орнатылған жағдайда дауыстық
хабарлама естіледі және қосу батырмасы индикаторы
(16) жасыл түспен жыпылықтай бастайды.
•
Зарядтау аяқталғанда батырма индикаторы (16)
тұрақты жана бастайды.
Ескертпе:
Шаңсорғышты зарядтау станциясына (32) орнатар
кезде бүйірлік қылшақтар күйіне (2) және (5) назар
аударыңыз. Қылшақтар қылдары роботтың зарядта-
лу байланыстарына (3) және зарядтау станциясының
байланыстарына (34) кедергі жасамауы тиіс. Егер
қылшақтар роботты зарядтау байланыстарының
үстінде болса, тиісті қылшақты (2) немесе (5) бауынан
ұстап бұраңыз.
Роботты зарядтау станциясына (32) орнатқанда неме-
се оны қоректендіру блогынан (36) зарядтаған жағдайда,
оның автоматты түрде іске қосылуы жүзеге асады,
тіпті робот алдын ала қоректендіру сөндіргіші (20)
арқылы сөндірілген болса да.
Зарядтау станциясына қайтару
Робот жинау аяқталғаннан кейін немесе аккумуляторлық
батарея заряды таусылған жағдайда зарядтау стан-
циясына өздігінен оралады. Сондай-ақ, сіз жинауды
мәжбүрлі түрде аяқтай аласыз немесе кідірте аласыз
және құрылғыны зарядтау станциясына жібере аласыз.
РОБОТТЫ ҚОЛ РЕЖИМІНДЕ БАСҚАРУ
Роботты Қосу / Өшіру (сур. 8)
обот зарядтау станциясына орнатылмаған)
•
Роботты сөндіру үшін пернені (20) күйге (I)
ауыстырыңыз, осы ретте дауыстық хабарлама
естіледі, және батырма индикаторы (16) « »
жанады.
Ескертпе: Егер робот қосылған болса және 5 минут
бойы ешқандай батырма басылмаса, робот автоматты
түрде ұйықтау режиміне өтеді, осы ретте батыр-
ма индикаторы (16) сөнеді. Осы жағдайда, роботты
белсенді жағдайға қайтару үшін батырманы (16) бір рет
басыңыз.
•
Рроботты сөндіру үшін пернені (20) күйіне (O)
ауыстырыңыз, осы ретте батырма индикаторы (16)
сөнеді.
Жинау/Кідіріс (сур. 9)
•
Батырманы (16) бір рет басыңыз, осы ретте дауыстық
хабарлама естіледі, және робот автоматты режимде
жинауды бастайды.
•
Жинау кезінде батырманы (16) бір рет асыңыз, осы
ретте дауыстық хабарлама естіледі және робот жина-
уды кідіртеді (Кідіріс).
•
Батырманы (16) тағы бір рет басыңыз, робот
жұмысын жалғастырады.
Назар аударыңыз! Егер роботта еденді ылғалдап
жинауға арналған аксессуар (9) орнатылған болса, онда
батырманы (16) басқанда автоматты түрде ылғалдап
жинау режимі басталады, осы ретте «Ылғалдап
жинауды бастаймын» деген дауыстық хабарла-
ма естіледі. Бір мезгілде ылғалдап жинаумен қатар
әдеттегі (құрғақ) жинау жүргізіледі. Әдеттегі (құрғақ)
жинау үшін роботты өшіру керек және еденді ылғалдап
жинауға арналған аксессуарды (9) шешіп алу қажет, осы
кезде қосу барысында «Жинауды бастаймын» деген
дауыстық хабарлама естіледі.
Зарядтау станциясына оралу
•
Роботтың аккумуляторлық батареясы зарядталғанда,
ол туралы шаңсорғыш дыбыстық белгі береді, содан
кейін автоматты түрде зарядтау станциясына ора-
лады.
•
Зарядтау станциясына мәжбүрлеп оралту үшін
қашықтан « » батырмасын (40) басыңыз, осы
ретте арнайы дауыстық хабарлама естіледі және
робот зарядтау станциясына оралады.
Ескертпе: егер сізге тек бір бөлмені жинау қажет
болса, есікті жабыңыз, сонда робот бөлмені жинауды
жүргізеді. Егер бөлмеде зарядтау станциясы болмаса,
тазалау аяқталғаннан кейін ол бастапқы нүктеге
оралады.
РОБОТТЫ ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ПУЛЬТІ (ҚБП)
АРҚЫЛЫ БАСҚАРУ
Роботты басқару үшін қашықтан басқару пульті ҚБП
қолданылады.
ҚБП кез келген батырмасына басқан кезде басқару
белгісін беру индикаторы (38) жанады.
•
Роботты басқару үшін, ҚБП құрылғыға қарай
бағыттаңыз.
•
Басқару барысында, пульт пен робот арасындағы
қашықтық 7 метрден аспауы тиіс.
•
Қашықтан басқару пульті мен робот арасында
белгі беру кезінде белгінің өтуіне кедергі келтіретін
бөгеттер болмауы керек.
•
Басқару пульті теледидар мен радиоаппаратурадан
кемінде 1 метр қашықтықта болуы тиіс.
•
Пултті құлатпаңыз және соқпаңыз, сонымен қатар
оны тікелей күн сәулесі астында қалдырмаңыз.
Үй-жайды тазалау режимін таңдау
•
Қашықтан басқару пультімен үй-жайды жинаудың
қажетті режимін таңдай аласыз.
Ескертпе: - шаңсорғышты өшіргеннен кейін, қайтадан
қосу кезінде ол автоматты тазалау режимінде бастай-
ды.
Автоматты жинау режимі
•
Үй-жайды автоматты жинау режимін қосу үшін батыр-
маны (41) « » немесе ҚБП-дегі батырманы (43)
« » басыңыз, режимді таңдағаннан кейін арнайы
дауыстық хабарлама естіледі. Таңдалған режимді
кідірту үшін батырманы тағы бір рет басыңыз.
•
Автоматты режимде робот ақылды зигзаг тәрізді
жинау маршрутымен (сур. 10) қосылады, өтінеміз,
оны қозғалтпаңыз және басқармаңыз, олай болған
жағдайда робот жинау маршрутын қайта жібереді
және оны қайта бастайды.
•
Жинау кезінде робот қалған аумақты бағалау немесе
одан әрі маршрутты жоспарлау үшін тоқтауы мүмкін.
•
Үзілістер саны мен уақыт жинауға арналған кеңістік
күрделілігіне байланысты.

Содержание