Coolfort CF-3204 [25/52] Қазақша

Coolfort CF-3204 [25/52] Қазақша
25
ҚАЗАҚША
Саптамадағы шүберекті (29) иіс пен көгерудің
алдын алу үшін әр ылғалдап жинаудан кейін жуу
және кептіру ұсынылады.
60 минут жинаудан кейін су шығынын азайту үшін,
шүберекті (29) тазартып алу ұсынылады.
Егер сіз ылғалды жинауды жоспарламасаңыз,
роботтан саптаманы (30) алып тастау керек.
Wi-Fi арқылы жұптау режимін қосу
(Ол тек мобильді қосымшаны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықпен COOLFORT бірге қолданылады)
• Робот зарядтау станциясында орнатылған:
батырманы (16) « » 5 секундтан аса басып
ұстап тұрыңыз, дауыстық хабарлама естіледі, осы
ретте Wi-Fi индикаторы (15) « » және батыр-
ма индикаторы (16) « » ақырын жыпылықтай
бастайды.
• Робот зарядтау станциясына орнатылмаған:
роботты қоректендіру сөндіргішімен (20) «I/O»
қосыңыз;
ҚБП-дегі батырманы (47) « » бір рет басыңыз,
немесе батырманы (16) « » 5 секундтан
аса басып ұстап тұрыңыз, дауыстық хабарлама
естіледі, осы ретте Wi-Fi индикаторы (15) « »
және батырма индикаторы (16) « » ақырын
жыпылықтай бастайды.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
(Роботты тазаламас бұрын, ШАҢСОРҒЫШТЫ
ҚҰРАСТЫРУ бөлімін мұқият оқып шығыңыз)
Қоқыс пен шаңды жинауға арналған
контейнерді тазалау
• Роботтың үстіңгі қақпағын (12) ашыңыз және
контейнерді (11) тұтқасынан (27) ұстап шығарып
алыңыз (сур. 16).
• Контейнер қақпағының бекітпесіне (26) басыңыз
және қақпақты (25) ашыңыз.
• Контейнерден (11) шаң мен қоқысты шығарып
тастаңыз (сур. 17).
• Ұстағыш сүзгісін (23) шешіп алыңыз және оның
ішінен HEPA-сүзгіні (24) шығарыңыз (сур. 18).
• Шаң жинағыштың қақпағын және кішкене торды
шүберекпен (сур. 19) және қылшақшамен (37)
тазалаңыз, өзге заттардан клапанды (28) тазалаңыз.
• Контейнерді (11) тжылы ағынды сумен жуып
жіберіңіз, HEPA-сүзгісін (24) тазалау үшін
қылшақшаны (37) пайдаланыңыз, сүзгінің қатты
бетінен (сур. 20) тарсылдатын отырыңыз.
• Контейнерді және сүзгі компоненттерін табиғи
түрде кептіріңіз (сур. 21). Қызмет мерзімін ұзарту
үшін оларды құрғақ ұстаңыз.
Турбоқылшақты тазалау
• Турбоқылшақтың жақтау ұстағышын (8) шешіп
алыңыз, ол үшін бекіткішті басыңыз және
суреттегі нұсқарлар көрсеткендей етіп жоғары
тартыңыз (Сур. 22). Содан кейін турбоқылшақты
(10) отырғызылатын орнынан шығарып алыңыз.
Қайшыны пайдаланып қылшаққа оралып қалған
шаштар мен жіптерді қиыңыз және тазалауға
арналған қылшақшаның көмегімен (37) оларды
алып тастаңыз.
• Қылшақты шаңнан тазартыңыз және таза, сәл
дымқыл матамен сүртіп алыңыз.
•
Қылшықтың тұратын орнын, роботтың сору
саңылауын, жақтау ұстағышын және турбоқылшақтың
жетек білігін таза, сәл дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
•
Қылшақты келесідей етіп орнына орнатыңыз:
Қылшықтың бір ұшын жетек білігіне орнатыңыз, ол
үшін оны әр түрлі бағытта сәл бұраңыз.
Қылшықтың бір ұшын орнату орнына түсіріңіз және
жақтау ұстағышымен бекітіңіз.
Жақтаудың сенімді бекігеніне көз жеткізіңіз.
Бүйірлік қылшақтарды тазалау (сур. 23)
Шаш қылшақтардың айналасына оралған кезде, тазалау
алдында оларды алдын-ала алып тастау ұсынылады.
•
Бүйірлік қылшақты (2, 5) шешіп алу үшін, оны екі бау-
ынан ұстап жоғары қарай тартыңыз.
•
Жетек білігі айналасына оралып қалған шаштарды
және жіптерді қайшымен қиыңыз.
•
Бүйірлік қалшақтарға оралып қалған шаштарды және
жіптерді қайшымен қиыңыз.
•
Қылшықтарды шаңнан тазартыңыз және таза, сәл
дымқыл матамен сүртіңіз.
•
Бүйірлік қылшақтар мен жетек біліктерінің түс
белгілерін сақтай отырып, қылшақтарды орнына
қойыңыз.
Суға арналған сұйыққойманы (21) және ылғалдап
жинауға арналған аксессуарларды (9) тазалау
•
Пернені (22) басыңыз және суға арналған
сұйыққойманы (21) робот корпусынан тартып алыңыз
(сур. 24).
•
Еденді ылғалдап жинауға арналған аксессуарды (9)
шешіп алыңыз (сур. 25).
•
Микрофибрадан жасалған шүберекті (29) шешіп
алыңыз, оны суретте көрсетілген нұсқар бағытымен
тартыңыз (сур. 26).
•
Тығынды (31) ашыңыз және сұйыққоймадағы (21)
қалдық суды төгіңіз (сур. 27).
•
Суға арналған сұйыққойманы (21) жылы ағынды сумен
жуып жіберіңіз, содан кейін сүртіп жүберіңіз және
кептіріңіз (сур. 28 және 29).
•
Суға арналған сұйыққойма түбінде орналасқан сүзгінің
бекіту бұрандаларын (21) бұрап шешіп алыңыз. Сүзгіні
шешіп алыңыз, оны жылы ағынды сумен шайыңыз,
құрғатыңыз және орнына қойыңыз (сурс. 30 және 31).
•
Микрофибрадан жасалған шүберекті (29) жылы
ағынды су астында жуып жіберіңіз, содан кейін табиғи
түрде кептіріңіз (сур. 32 және 33).
Робот корпусын және зарядтау станциясын тазалау
•
Шаңсорғыш корпусының төменгі бөлігінде орналасқан
құлаудан қорғау бергіштерін (1) тазартыңыз және
сүртіңіз (сур. 34).
•
Шаңсорғыштың қозғалысы кезінде сықыр пайда
болған жағдайда оның алдыңғы доңғалағының осін
тазалаңыз (сур. 35).
•
Тегіс бұрағышты пайдаланып, алдыңғы доңғалақты
(4) орнату орнынан шығарып алыңыз және металл
осін шығарып алыңыз. Оске оралған шаш пен жіптерді
алып тастаңыз. Ось бекітпелері мен доңғалақтың
орнату орнын қылшақпен тазалаңыз. Алдыңғы
доңғалақты шаң мен қоқыстардан тазартыңыз және
сүртіңіз, шаштар болса, алып тастаңыз.
•
Осьті доңғалаққа салыңыз да, оны қайтадан орнату
орнына қойыңыз, доңғалақтың (4) еркін айналуына
ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

Содержание