Coolfort CF-3204 [24/52] Қазақша

Coolfort CF-3204 [24/52] Қазақша
24
ҚАЗАҚША
•
Жинау аяқталғаннан кейін робот тоқтап, автоматты
түрде зарядтау станциясына оралады.
Ескертпе: егер сізге тек бір бөлмені жинау қажет болса,
есікті жабыңыз, сонда робот бөлмені жинауды жүргізеді.
Егер бөлмеде зарядтау станциясы болмаса, тазалау
аяқталғаннан кейін ол бастапқы нүктеге оралады.
«Нүктелі жинау» жинау режимі
•
Осы режимде робот үй-жайды жинайды, ол бір нүкте
айналасында спираль бойынша қозғалады.
•
Роботты қажетті орынға орналастырыңыз (қоқыс көп
шоғырланған нүктеге) және ҚБП-дағы (сур. 11) батыр-
маны (45) « » басыңыз, режимді таңдағаннан кейін
арнайы дауыстық хабарлама естіледі.
•
Бұл функцияны ең аз кедергілері бар қонақ бөлмеде
немесе басқа бөлмеде пайдалану ұсынылады.
•
Жинау аяқталғаннан кейін робот тоқтап, автоматты
түрде зарядтау станциясына оралады.
«Қабырға бойымен» жинау режимі
•
Бұл режимде робот үй-жайды қабырға бойымен
жинайды.
•
ҚБП-дегі батырманы (44) « » басыңыз (сур. 12)
режимді таңдағаннан кейін арнайы дауыстық хабарла-
ма естіледі. Тазалау аяқталғаннан кейін робот тоқтап,
автоматты түрде зарядтау станциясына оралады.
Жинау кезінде роботтың уақытша тоқтатуы (Кідіріс)
•
Егер робот жұмыс істеп тұрған кезде кідірту қажет
болса, ағымдағы жинау режимінің батырмасын неме-
се ҚБП-дегі батырманы (39) « » бір рет басыңыз.
•
Жинауды жалғастыру үшін ағымдағы жинау режимінің
батырмасын қайта басыңыз.
Роботтың қозғалысын қолмен басқару
Уақытша тоқтау режимінде ғана пайдаланылады (Кідіріс).
•
Робот қозғалысын қолмен басқару үшін ҚБП батырма-
ларын (42) «pqt u» пайдаланыңыз.
pосы батырманы басыңыз, сонда робот алға қарай
жылжиды.
qосы батырманы басыңыз, сонда робот артқа қарай
жылжиды.
t осы батырманы басыңыз, сонда робот солға
бұрылады, ал басу ұзақтығы солға бұрылу
бұрышын реттейді.
u осы батырманы басыңыз, сонда робот оңға
бұрылады, ал басу ұзақтығы оңға бұрылу
бұрышын реттейді.
•
Осы батырманы пайдаланып, сіз роботты қажетті
учаскені жинау үшін немесе оны жинауы қиын орын-
дардан шығарып алу үшін бағыттай аласыз.
Ұйқы режимін Қосу / Өшіру
Ұйқы режимін жинау процессі кезінде де, роботты уақытша
тоқтату кезінде де қосуға болады.
•
Жұмыс кезінде ұйқы режимін қосу үшін батырманы
(39) « » екі рет басыңыз.
•
Ұйқы режимін уақытша тоқтау кезінде қосу үшін батыр-
маны (39) бір рет басыңыз.
•
Ұйқы режимі қосылған кезде роботтың барлық инди-
каторлары сөнеді.
Ескертпе: Егер робот қосылған болса және 5 минут
бойы басқару батырмаларының ешқайсысы басылмаса,
ол автоматты түрде ұйқы режиміне өтеді, осы ретте
робот батырмасының индикаторы (16) сөнеді. Бұл
жағдайда роботты белсенді күйге қайтару үшін ҚБП-
дегі батырманы (39) « » басыңыз, немесе роботтың
батырмасын (16) бір рет басыңыз.
Шаңсорғышты зарядтау станциясына қайтару
•
Роботтың аккумуляторлық батареясы зарядталғанда,
ол туралы шаңсорғыш дыбыстық белгі береді, содан
кейін автоматты түрде зарядтау станциясына ора-
лады.
•
Сондай-ақ, сіз шаңсорғышты зарядтау станциясына
мәжбүрлеп жібере аласыз, ол үшін ҚБП-дегі батыр-
маны (40) « » басасыз, осы ретте арнайы дауыстық
хабарлама естіледі және шаңсорғыш берілген
пәрменді орындайды (сур. 13).
Ескертпе:
•
Роботты бірінші қосуды зарядтау станциясынан
жүзеге асыру ұсынылады. Бұл тазалау аяқталғаннан
кейін зарядтау станциясын іздеу уақытын
қысқартады.
•
Жұмыс кезінде роботтың зарядтау станциясының
қоректендіруін өшірмеңіз, өйткені алгоритм жинау
аяқталғаннан кейін зарядтау станциясына оралуды
қамтамасыз еткен.
•
Зарядтау станциясының орнын өзгерту
ұсынылмайды, бұл навигациялық жүйенің дұрыс
жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
•
Роботтың дұрыс жұмыс істеуі және зарядтау
станциясына оралуы үшін зарядтау станциясының
алдында кемінде 1,5 метр; екі жақ бүйірінен – кемінде
0,5 метр бос қашықтықты қамтамасыз ету қажет.
Дыбысты Қосу / Өшіру
•
Дыбысты өшіру үшін ҚБП-дегі батырманы (46) « »
басыңыз, осы ретте тиісті дауыстық хабарлама естіліп,
дыбыс өшеді, дыбысты қосу үшін батырманы қайта
басыңыз.
Ылғалдап жинау режимі
Бұл режимде робот еденді ылғалдап жинауды микрофибра
шүберегі (29) бар саптама (30) арқылы жасайды.
•
Пернені (22) басыңыз және суға арналған
сұйыққойманы (21) робот корпусынан щығарып
алыңыз, содан кейін тығынын (31) ашыңыз және
сұйыққоймаға жеткілікті мөлшерде таза су құйыңыз,
тығынын жабыңыз (сур. 14).
•
Микрофибра шүберегін (29) сулаңыз және еденді
ылғалдап жинауға арналған саптамаға (30) орнатыңыз,
содан кейін шүберегі бар саптаманы суға арналған
сұйыққоймаға (21) орнатыңыз және сұйыққойманы
қайта робот корпусына шертілгенге дейін қойыңыз
(сур. 15).
•
Ылғалдап жинау режимін қосу үшін ҚБП-дегі батыр-
маны (43) « » басыңыз, немесе робот батырмасын
(16) « » басыңыз, содан кейін «Ылғалды жинау-
ды бастаймын» деген дауыстық хабарлама естіледі.
Таңдалған режимді кідірту үшін батырманы тағы бір
рет басыңыз.
Назар аударыңыз:
Суға аранлаған сұйыққойманың қызмет ету мерзімін
ұзарту үшін, таза суды немесе жұмсартылған суды
пайдалану ұсынылады.
Өтінеміз, кілемге ылғалдап жинау функциясын
пайдаланбаңыз.
Ылғалдап жинау аяқталғаннан кейін суға арналған
сұйыққойманы тазалаңыз.

Содержание