Samsung DW60M5050BB серебристая [110/0] Қауіпсіздік нұсқаулары

Samsung DW60M5050BB серебристая [110/0] Қауіпсіздік нұсқаулары
6_ Қауіпсіздік нұсқаулары
БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУҒА ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Бұл құрылғы ойыншық емес! Балалар жарақат алмас үшін оларды құрылғыдан алыс ұстаңыз, оларға ыдыс
жуғыш машинамен немесе оның айналысында ойнауға, басқару тетіктерін пайдалануға рұқсат бермеңіз. Олар
ыдыс жуғыш машинадан келуі мүмкін қауіпті түсінбейді. Ас үйде жұмыс істеген кезде балаларды үнемі байқап
отыру керек.
Балалар ойнап жүріп, ыдыс жуғыш машинаның ішіне қамалып қалуы мүмкін.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған жəне одан асқандар ғана қолдануға тиіс жəне кембағал, сезім жүйесі
дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тəжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны
қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса ғана немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша
пайдалануға тиіс. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз.
Балаларға ересектердің бақылауынсыз тазалауға жəне құрылғыны жөндеуге тыйым салынған.
Ересек балаларға ыдыс жуғыш машинаның жұмыс істеуін нақты түсіндірсеңіз жəне олар дұрыс
пайдаланбаудың қауіпті салдарын түсінсе ғана құрылғыны пайдалана алады.
БАЛАЛАРДЫ ЖУҒЫШ ҚҰРАЛДАРДАН АЛЫС ҰСТАҢЫЗ! Жуғыш заттардың құрамында тітіркендіргіш жəне
коррозияға қарсы, мұрынды ашытатын, ішкенде немесе тыныс алғанда ауыз қуысын жəне тамақты күйгізетін
ингредиенттер бар.
Есік ашық тұрған кезде балаларды ыдыс жуғыш машинадан алыс ұстаңыз.
Машинаның ішінде жуғыш құралдың қалдығы болуы мүмкін.
Балаңыз жуғыш құралды ішіп немесе онымен дем алып қойса, дəрігерге жедел хабарласыңыз.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны орнатпай тұрып, оның сыртына зақым келмегенін қарап тексеріңіз. Зақымдалған құрылғыны
ешқашан пайдаланбаңыз. Зақымдалған құрылғы қауіпті болуы мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны тиісті розетка арқылы ғана электр қуатына қосу керек. Ыдыс жуғыш машинаны
орнатқаннан кейін оны кез- келген уақытта электр желісінен ажырату үшін розетка оңай қол жететін жерде
болуы керек. («Бөлшектері мен функциялары» тармағын 10-беттен қараңыз.)
Ыдыс жуғыш машинаның артында электр розеткалары болмауы керек. Ыдыс жуғыш машина ашаға тиіп тұрса,
қызып кетуі жəне өрт шығуы мүмкін.
Ыдыс жуғыш машинаны пештің астына орнатуға болмайды. Пештің жоғары температурасы ыдыс жуғыш
машинаға зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан оны ашық оттың немесе басқа да жылу бөлетін, мысалы,
қыздырғыштар жəне т.б. сияқты құрылғылармен қатар орналастыруға болмайды.
Ыдыс жуғыш машинаны толығымен орнатып, есігінің серіппесін реттемей тұрып қуат көзіне қоспаңыз.
Құрылғыны қосу алдында деректер тақтасындағы қосылым деректерінің (кернеу мен қосылған жүктеме)
электр желісінің параметрлеріне сəйкес келетінін тексеріңіз. Егер күмəн туындаса, білікті электршіге
хабарласыңыз.
Құрылғының электр қауіпсіздігі, құрлылғы мен оның жерге тұйықтау жүйесі өзара дұрыс қосылса ғана
қамтамасыз етіледі. Негізгі қауіпсіздік талаптарының сақталуы жəне жүйелі түрде тексеріліп отыруы жəне
үйдегі электр жүйесінің жұмысына қатысты күмəн туындаса, оны білікті электрикке тексертіп алу аса маңызды
болып табылады.
Өндіруші жерге тұйықтау жүйесінің дұрыс орнатпау (мысалы, ток соғуы) салдарларына жауапты емес.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпсіздік нұсқаулары
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 6DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 6 2019-08-30  6:17:122019-08-30  6:17:12

Содержание

Похожие устройства

Скачать