Samsung DW60M5050BB серебристая [111/0] Қауіпсіздік нұсқаулары _7

Samsung DW60M5050BB [111/208] Қауіпсіздік нұсқаулары _7
Қауіпсіздік нұсқаулары _7
Құрылғыны қуат көзіне көп розеткалы блок немесе ұзартқыш сым арқылы қоспаңыз. Олар құрылғының
қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтауға кепілдік бермейді (мысалы, қызып кету қаупіне қарсы).
Құрылғыны кеме сияқты жылжымалы қондырғыларға орнатқаннан кейін, оны білікті инженер тексерсе ғана
пайдалануға беруге болады.
Су қосылымының пластик корпусында электрлі бөлшек бар. Корпусты суға батыруға болмайды.
Aqua-Stop түтігіне электр сымдары орнатылған. Су құятын түтікті ешқашан, тіпті ұзын болса да кеспеңіз.
Орнату, техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жұмыстарын білікті жəне құзыретті маман мемелекеттік
жəне жергілікті қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ғана орындауы керек. Білікті мамандардан басқалардың
құрылғыны жөндеуі немесе оған қатысты басқа да жұмыстарды орындауы қауіпті жағдайға əкелуі мүмкін.
Өндіруші өзі рұқсат бермеген жұмыстар үшін жауапты емес.
Кіріктірілген су өткізбейтін жүйе келесі шарттар орындалған жағдайда, құрылғының судан келетін зақымнан
қорғайды:
Ыдсы жуғыш машина дұрыс орнатылған жəне сантехникалық жұмыстар дұрыс орындалса.
Ыдыс жуғыш машинаға тиісті күтім көрсетіліп, ауыстырылатын бөлшектерін дер кезінде ауыстырып
отырса.
Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланбаған кезде (мысалы, мереке күндері) бекітпе кранды ажырату керек.
Су өткізбейтін жүйе құрылғы ағытылып тұрған кезде де жұмыс істейді. Дегенмен, құрылғы электр қуатына
қосылып тұруға тиіс.
Зақымдалған құрылғы қауіпті болуы мүмкін. Ыдыс жуғыш машинаға зақым келсе, оны қуат көзінен ағытып,
дилеріңізге немесе қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Рұқсат етілмеген жөндеу жұмыстары күтпеген қауіпті жағдайларға əкелуі мүмкін, мұндай жағдайлар үшін
өндіруші жауапкершілік көтермейді. Жөндеу жұмыстарын рұқсаты бар қызмет көрсету технигі ғана орындауға
тиіс.
Жарамсыз бөлшектерді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерге ауыстыру керек. Осы бөлшектер орнатылғаннан
кейін ғана құрылғының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
Техникалық қызмет көрсету үшін ыдыс жуғыш машинаны əрқашан электр желісінен ажыратыңыз (розеткадан
ағытып, ашасын суырыңыз).
Қосылым сымына зақым келсе, оны өндірушіден алуға болатын арнайы кабельге ауыстыру қажет. Қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін бұл жұмысты қызмет көрсету бөлімі немесе уəкілетті қызмет технигі орнатуы керек.
Тарақандарды немесе басқа да зиянкестері бар жерлерде құрылғыны жəне оның айналасын əрқашан
таза ұстауға ерекше назар аударыңыз. Тарақандар мен басқа да зиянкестерге байланысты туындаған
зақымдардың ешқайсысы кепілдікке жатпайды.
Ақаулық пайда болғанда немесе құрылғыны тазалау кезінде электр қуат көзінен тек төмендегі жағдайларда
ғана толық ағытылды деп есептеу керек:
розеткадан ағытылған жəне ашасы суырылған болса
қуат көзінен толық ағытылған немесе
желілік сақтандырғыштан ағытылған немесе
бұрама сақтандырғыш алынған (қолданылатын елдерде).
Өндіруші тарапынан рұқсат берілмесе, құрылғыға ешқандай өзгеріс енгізбеңіз.
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ
ЕСКЕРТУ
АБАЙЛАҢЫЗ
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 7DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 7 2019-08-30  6:17:142019-08-30  6:17:14

Содержание

Похожие устройства

Скачать