Samsung DW60M5050BB серебристая [137/0] Ыдыс жуғыш машина параметрін орнату

Samsung DW60M5050BB [137/208] Ыдыс жуғыш машина параметрін орнату
Ыдыс жуғыш машина параметрін орнату _33
06
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНА ПАРАМЕТРІН ОРНАТУ
Ыдыс жуғыш машина
параметрін орнату
ЕСКЕРТУ. Электр тоғы қатері
Ыдыс жуғыш машинаны орнатар алдында тоқты ажыратыңыз.
Бұл нұсқау орындалмаса, мерт болу немесе Электр тоғына түсу қатері орын алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құбыр жəне электр құрылғыларын тек білікті мамандар ғана орнатуға тиіс.
Электр тоғына жалғау
АБАЙЛАҢЫЗ! Жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫДА ҰЗАРТҚЫШ СЫМДЫ НЕМЕСЕ АДАПТЕР АШАСЫН ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙДЫ.
ҚУАТ СЫМЫНДАҒЫ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ІСТІКШЕНІ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА
АЛУҒА НЕМЕСЕ КЕСУГЕ БОЛМАЙДЫ.
Электр желісіне қойылатын талаптар
220-240 В~, 50 Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған қызмет көрсетудің жеке жүйесі.
Жерге тұйықтауға қатысты нұсқаулар
Қолданар алдында құрылғының дұрыс тұйықталғанын тексеріңіз
Бұл құрылғыны жерге дұрыс тұйықтау керек. Егер құрылғы сынып немесе жұмыс істемей қалса
жерге тұйықтау жүйесі электр тоғының ағымына ең төмен деңгейде қарсылық көрсетуге мүмкіндік
беріп, электр қатерінен сақтандырады. Бұл құрылғы жерге қосу контакт құралы мен жерге қосу
ашасы бар сыммен жабдықталған. Ашаны жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына сай
орнатылған жəне жерге қосылған арнайы розеткаға жалғау керек.
ЕСКЕРТУ. Құрылғының жерге қосу контакт құралы дұрыс жалғанбаса, электр тоғына түсу қатері
орын алады. Құрылғының жерге дұрыс қосылған-қосылмағанына күмəндансаңыз, білікті электрші
немесе қызмет көрсету орталығы маманына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша сай
келмесе, ашаға өзгеріс енгізбеңіз.
СУ ҚҰЮ ЖƏНЕ ТӨГУ
Суық суға қосу
Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға жалғап,
оның орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз.
Су құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт
қолданылмаған болса, суды əбден тазарғанша ағызып қойыңыз.
Бұл сақтық шарасы су құятын түтіктің бітеліп, құрылғының бүлініп
қалмауы үшін қажет.
Құрылғымен бірге жеткізілген су құю түтігі Aqua-Safe жүйесімен
жабдықталған. Су құятын түтіктің Aqua-Safe түтігінің шүмекке
жалғанғанына көз жеткізіңіз.
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 33DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 33 2019-08-30  6:17:572019-08-30  6:17:57

Содержание

Похожие устройства

Скачать