Samsung DW60M5050BB серебристая [117/0] Dw60m5050bb

Samsung DW60M5050BB серебристая [117/0] Dw60m5050bb
Бөлшектері мен функциялары _13
01 БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
DW60M5050BB
3 4 9 105 7 861 2
1 POWER (ҚУАТ) Ыдыс жуғыш машинаны қосу үшін осы түймені басыңыз: экран жанады.
2 Цикл Жуу бағдарламасын таңдау үшін түймені басыңыз.
3 Жартылай жүктеме
Аз зат салған кезде қуатты үнемдеу үшін Жартылай жүктеме түймесін
басыңыз.
4 Гигиена
Ыдыс жуғыш машинаның ішін барынша таза ұстау үшін Гигиена түймесін
басыңыз.
5 Мультитаб Тұз жəне шайғыш затты қажет етпейтін Мультитаб опциясын таңдау үшін.
6 Басқару панелін бұғаттау
Бұл параметр балалар басқару панеліндегі түймелерді байқаусызда басып
қалып, ыдыс жуғыш машинаны іске қосып қоймау үшін басқару панеліндегі
түймелерді бұғаттайды.
Басқару панеліндегі түймелерді бұғаттау жəне олардың бұғатын ашу үшін
Басқару панелін бұғаттау түймесін үш (3) секунд басып тұрыңыз.
7 Индикатор
Егер Шайғыш зат толтыру немесе Тұз толтыру индикаторы жанып тұрса,
шаю құралын немесе тұзды толтыру керек.
Кешіктіріп бастау индикаторы
Егер «Кешіктіріп бастау» индикаторы жанып тұрса,
«Кешіктіріп бастау» функциясын таңдау қажет екенін білдіреді.
Шайғыш зат толтыру индикаторы
Егер «Шайғыш зат толтыру» индикаторы жанып тұрса, ыдыс
жуғыш машинада шаю құралының азайғанын жəне оны толтыру
керек екенін білдіреді.
Тұз толтыру индикаторы
Егер «Тұз толтыру» индикаторы жанып тұрса, ыдыс жуғыш
машинадағы тұздың азайғанын жəне оны толтыру керек екенін
білдіреді.
8 Дисплей Дисплейде қалған уақыт, ақпарат коды немесе кешіктіру уақыты көрсетіледі.
9 Кешіктіріп бастау
Жууды кешіктіріп бастау уақытын орнату үшін осы түймені басыңыз. Жууды
24 сағатқа дейін кешіктіріп бастауға болады. Осы түймені бір рет бассаңыз,
жууды бір сағатқа кешіктіресіз.
10 START (БАСТАУ)
Циклды бастау үшін есікті жабар алдында START (БАСТАУ) түймесін
басыңыз.
*Қалпына келтіру: Жұмыс істеп тұрған циклды тоқтатып, суды төгу үшін
START (БАСТАУ) түймесін үш (3) секунд басыңыз.
Ыдыс жуғыш машина параметрлерін бастапқы қалпына қайтарғаннан кейін,
цикл мен опцияны таңдап, ыдыс жуғышты қайта іске қосу үшін
START (БАСТАУ) түймесін басыңыз.
Циклды бастау алдында (Мультитаб, Жартылай жүктеме, Кешіктіріп бастау, Гигиена) функцияларын
таңдауға болады.
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 13DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 13 2019-08-30  6:17:252019-08-30  6:17:25

Содержание

Похожие устройства

Скачать