Samsung DW60M5050BB серебристая [121/0] Су жұмсартқышқа тұз салу

Samsung DW60M5050BB [121/208] Су жұмсартқышқа тұз салу
Жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану _17
02
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
СУ ЖҰМСАРТҚЫШҚА ТҰЗ САЛУ
Əрқашан ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолданыңыз.
Тұз сауыты астыңғы тордың астында орналасқан жəне оны төмендегідей толтыру керек:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс жуғышқа арналмаған басқа тұз
түрлері, əсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа зиян келтіреді. Жарамсыз тұзды қолдану салдарынан ақау
орын алса, өндіруші ешбір кепілдік бермейді жəне бұндай ақаулықтарға жауапкершілік көтермейді.
Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің
немесе тұзды судың машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде белгілі бір уақыт жатып тоттануды
болдырмауы үшін қажет.
Бірінші жуу циклі аяқталғаннан кейін басқару панелінің шамы сөнеді.
1. Астыңғы себетті алыңыз, содан кейін тұз сауытының қақпағын бұрап алыңыз.
Ашу
Ашу
2. Сауытты алғаш рет толтырған кезде, оның 2/3 мөлшеріне дейін су құйыңыз (шамамен 1 литр).
3. Құйғыштың (бірге жеткізіледі) ернеуін тесікке кіргізіп, шамамен 1,5 кг тұз
қосыңыз. Тұз сауытынан аздап су төгілуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай.
4. Қақпағын орнына мықтап бұраңыз.
5. Əдетте тұз индикаторының ескерту шамы тұз сауытына тұз салынғаннан кейін сөнеді.
Тұз сауытын басқару панеліндегі тұз индикаторы жанған кезде толтыру керек. Тұз сауыты жеткілікті толған
жағдайда да, тұз индикаторы тұз толық еріп біткенше сөнбеуі мүмкін.
Егер басқару панелінде тұз индикаторы жоқ болса, тұз сауытын ыдыс жуғыш машина орындаған жуу
циклдарының санына қарап толтыруға болады.
Егер ыдыс жуғыш машинаның ішіне көп тұз төгіліп қалса, алдын ала жуу бағдарламасын орындап, тұздың
төгілуіне жол бермеңіз.
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 17DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 17 2019-08-30  6:17:292019-08-30  6:17:29

Содержание

Похожие устройства

Скачать