Samsung DW60M5050BB серебристая [136/0] Тазалау жəне күтім көрсету

Samsung DW60M5050BB [136/208] Тазалау жəне күтім көрсету
32_ Тазалау жəне күтім көрсету
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ҚАЛАЙ КҮТІП ҰСТАУ КЕРЕК
Жуу циклін орындап болған сайын
Əр жуу циклын орындап болғаннан кейін құрылғыға құйылатын суды тоқтатып, ылғал не жағымсыз иіс тұрып
қалмас үшін есігін сəл ашыңқырап қойыңыз.
Ашаны суырыңыз
Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын, əрқашан ашаны розеткадан суырыңыз.
Ешбір еріткіш немесе түрпілі заттарды қолданбаңыз
Ыдыс жуғыш машинаның сырты мен резеңке бөлшектерін тазалау үшін еріткіш немесе түрпілі заттарды
ешқашан қолданбаңыз, тек шүберек пен жылы сабын суды ғана пайдаланыңыз. Құрылғының ішкі бетіндегі
дақтар мен таңдақтарды, су мен аздаған ақ сірке суы немесе ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат
сіңірілген шүберекпен тазалаңыз.
Демалысқа кеткен кезде
Демалысқа кетердің алдында, жуу циклын ыдыс жуғыш машинаға ыдыс салмай орындап, содан кейін оның
ашасын розеткадан суырып, су құятын шүмекті жауып, құрылғы есігін сəл ашық қалдыруды ұсынамыз. Бұл
тығыздағыштарды ұзақ пайдалануға көмектеседі жəне құрылғыдан иіс шығуына жол бермейді.
Құрылғыны жылжыту
Егер құрылғыны жылжыту қажет болса, оны тік қалыпта ұстауға тырысыңыз. Егер міндетті түрде солай істеу
керек болса, шалқасынан қоюға болады.
Тығыздағыштар
Ыдыс жуғыш машинадан иіс шығуының бір себебі тығыздағыштарға тағам тұрып қалуы болып табылады.
Дымқыл жөкемен мерзімді түрде тазалап тұру мұндай жағдайды болдырмайды.
Тазалау жəне күтім көрсету
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 32DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 32 2019-08-30  6:17:572019-08-30  6:17:57

Содержание

Похожие устройства

Скачать