Samsung DW60M5050BB серебристая [135/0] Бүріккіш түтіктерді тазалау

Samsung DW60M5050BB [135/208] Бүріккіш түтіктерді тазалау
Тазалау жəне күтім көрсету _31
05 ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Ащы судың қалдығы бүріккіш түтікшелер мен олардың подшипниктерін бітеп тастамау
үшін уақытылы тазалау қажет. Ортаңғы бүріккіш түтікті алу үшін гайканы ұстап тұрып,
түтікті сағат тілінің бағытымен бұрап ағытып алыңыз. Астыңғы бүріккіш түтікті алу үшін
оны жоғары қарай тартыңыз. Түтікшелерді сабын сумен жуып, саңылауларын жұмсақ
шөткемен тазалаңыз. Əбден шайғаннан кейін орнына салыңыз.
Ашу
ЕСІКТІ ТАЗАЛАУ
Есіктің жиегін айналдыра тазалау үшін жұмсақ, жылы, дымқыл шүберекті ғана қолданыңыз.
Сонымен қатар, құрылғының сыртқы беттерін түрпілі тазартқыштармен немесе қырғыш ысқыштармен тазаламаңыз,
себебі олар бетіне сызат түсіруі мүмкін. Кейбір қағаз сүлгілер де құрылғы бетіне сызат түсіруі немесе дақ қалдыруы
мүмкін.
ЕСКЕРТУ. Есіктің панелін тазалау үшін ешқашан бүріккіш тазалағыш құралды қолданбаңыз, есіктің бекітпесі
мен электрлі құраластарға нұқсан келтіруі мүмкін. Жеміргіш заттарды немесе қағаз сүлгілерді қолданбау қажет,
себебі тот баспайтын темір бетке сызат түсіруі немесе дақ қалдыруы мүмкін.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ КҮТІП ҰСТАУ
Басқару панелін сəл дымқыл шүберекпен тазалап, соңынан жақсылап құрғатыңыз. Сыртын құрылғыны
жылтыратқыш жақсы балауызбен тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаның ешбір бөлшегін өткір заттармен, қырғыш жөкемен не қатты тазартқыштармен
тазаламаңыз.
МҰЗ ҚАТУДАН ҚОРҒАУ
Қыста ыдыс жуғыш машинаны жылытылмайтын жерде қалдырсаңыз:
1. Ыдыс жуғыш машинаға жалғанған электр тоғын ажырату.
2. Су құятын шүмекті жауып, су құятын түтікті су клапанынан ажырату.
3. Су құятын түтік пен су клапанындағы суды ағызу. (Суды жинау үшін кəстрөлді пайдаланыңыз)
4. Су құятын түтікті су клапанына қайта жалғау.
5. Құрылғының ішкі жақ түбінде орналасқан сүзгіні алып, суды жөкеге сорғытыңыз.
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 31DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 31 2019-08-30  6:17:562019-08-30  6:17:56

Содержание

Похожие устройства

Скачать