Samsung DW60M5050BB серебристая [134/0] Тазалау жəне күтім көрсету

Samsung DW60M5050BB серебристая [134/0] Тазалау жəне күтім көрсету
30_ Тазалау жəне күтім көрсету
Тазалау жəне күтім көрсету
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
Сүзу жүйесі
Сізге ыңғайлы болу үшін сорғы мен сүзгі жүйесін қол оңай жететін жерге, барабан ішіне орналастырдық.
Сүзгі жүйесі үш элементтен тұрады: негізгі, ірі жəне майда сүзгі.
1. Негізгі сүзгі. Осы сүзгі ұстап қалған тағам жəне қоқыс астыңғы бүріккіш
түтіктен шығатын арнайы су ағынымен шайылады да, су төгетін түтік
арқылы шығарылады.
2. Ірі сүзгі. Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке кептелуі
мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы ұсталады. Осы сүзгі ұстап
қалған қоқысты алу үшін, осы сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен
қысыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз.
3. Майда сүзгі. Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс пен
тағам қалдықтарын ұстайды жəне цикл кезінде ыдысқа қайта жұғуына жол
бермейді.
2
1
3
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Майда сүзгіні төмен қаратып салмаңыз.
Сүзгі жинағы
Тамаша жұмыс пен нəтижеге қол жеткізу үшін, сүзгі жинағын тазалау керек. Сүзгі тағам қалдықтарын
ыдыс жуатын судан жақсы кетіреді жəне цикл кезінде судың айналуына мүмкіндік тудырады. Сондықтан
да, əр жуу циклынан кейін жартылай дөңгелек сүзгіні жəне сауытты ағып тұрған сумен шайып, тұрып
қалған тағамның ірірек қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі жинағын алу үшін сағат тілінің бағытына
қарсы бұрап, сүзгі жинағын жоғары тартыңыз. Сүзгі жинағын үнемі тазалап отыру керек.
Ірі сүзгі мен ұсақ сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз. Содан кейін сүзгі жинағын ыдыс
жуғыш машинасындағы орындарына салып, төмен қарай басып, сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Ашу
Ашу
Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан сүзгілерін салмай қолдануға болмайды. Сүзгіні дұрыс орнатпасаңыз,
құрылғы жұмысына нұқсан келуі жəне ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ. Ыдыс жуғыш машинаның сүзгілерін орнына қоймай тұрып қолданбаңыз. Сүзгілерді
тазалаған кезде зақымдап алмаңыз. Сүзгілер зақымдалған жағдайда олар дұрыс жұмыс істемей,
жуу нəтижелерін төмендетеді немесе құрылғының ішкі бөлшектерін бүлдіруі мүмкін.
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 30DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 30 2019-08-30  6:17:562019-08-30  6:17:56

Содержание

Похожие устройства

Скачать