Samsung DW60M5050BB серебристая [123/0] Шайғыш затты пайдалану

Samsung DW60M5050BB [123/208] Шайғыш затты пайдалану
Жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану _19
02
ЖУҒЫШ ЗАТ ПЕН СУ ЖҰМСАРТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
ШАЙҒЫШ ЗАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
Шайғыш зат сауытын толтыру
Басқару панеліндегі Шайғыш зат толтыру индикатор жанғанда, шайғыш затты толтырыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаңыз тек сұйық шайғыш затты ғана қолданатын етіп жасалған.
Ұнтақ жуғыш затты пайдалансаңыз, сауыттың ернеуі бітеліп, ыдыс жуғыш машина дұрыс жұмыс істемей
қалуы мүмкін.
Шайғыш зат ыдыс жуғыш машинаның жұмыс тиімділігін арттырады.
АБАЙЛАҢЫЗ! Шайғыш зат сауытына əдепкі жуғыш заттарды салмаңыз.
1. Шайғыш зат сауытының қақпағын тұтқасын көтеру арқылы
алыңыз.
Шайғыш затты таблеткаларға қоссаңыз, кептіру нəтижесі
жақсарады.
2. Шайғыш зат сауытын шайғыш затпен толтырыңыз.
Шайғыш затты толтырғанда бақылау тесігін пайдаланыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ! Сауытты макс. деңгейінен асырып
толтырмаңыз. Артық салынған шайғыш зат жуу циклы кезінде
төгіледі.
3. Толтырғаннан кейін қақпақты жабыңыз.
ШАЙҒЫШ ЗАТ МӨЛШЕРІН РЕТТЕУ
Шайғыш заттың мөлшерін төмендегідей реттеуге болады. Неғұрлым жоғарырақ санды орнатсаңыз, кептіру нəтижесі
соғұрлым жақсы болады.
1. Ыдыс жуғыш машинаны қосыңыз.
2. Жылдам (Кіріктірілген үлгі) немесе Бағдарлама (Жеке орнатылатын үлгі) түймесін ыдыс жуғыш машинаны
қосқаннан кейін 60 секунд ішінде бес секунд басыңыз (жұмсартқышты орнататын үлгідегі сияқты).
3. Шайғыш затты баптау режиміне кіру үшін Кешіктіріп бастау түймесін басыңыз.
4. СКД ағымдық шаю деңгейін көрсетеді. (d1~d5 арасында)
5. Шайғыш затты қалаған мөлшерде таңдау үшін Жылдам (Кіріктірілген үлгі) немесе Бағдарлама (Жеке
орнатылған үлгі) түймесін басыңыз, параметрлер келесі ретпен өзгереді: d1 d2 d3 d4 d5 d1. (Əдепкі
деңгейі d4.)
6. Шайғыш зат мөлшерін таңдап, параметр орнатылғанша 5 секунд күтіңіз.
DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 19DW5500MM_DD81-02615G-02_KK.indd 19 2019-08-30  6:17:362019-08-30  6:17:36

Содержание

Похожие устройства

Скачать