HP 1405-5g v2 switch, j9792a [153/182] Абай болыңыз

HP 1405-5g v2 switch, j9792a [153/182] Абай болыңыз
2-6
НР 1405 коммутаторларын орнату
Орнату іс рəсімдері
Жарық шығарғыш диод əрекеті
Баптандырудан кейін:
Қуаттың жарық шығарғыш диоды қосулы қалады.
Коммутатордың алдындағы порт күйінің жарық шығарғыш диодтары
қалыпты жұмыс істеу күйіне өтеді:
Порттар белсенді желі құрылғыларына қосылған болса, порт
күйінің жарық шығарғыш диодтары қосулы қалады немесе порт
əрекетін көрсету үшін жыпылықтауы мүмкін.
Порттар белсенді желі құрылғыларына қосылған болса,
порт күйінің жарық
шығарғыш диодтары өшірулі болады.
Жарық шығарғыш диод дисплейі жоғарыда сипатталғаннан басқа болса,
өзіндік сынақ дұрыс орындалмайды. Диагностикалау бойынша көмек алу
мақсатында 3-тарауды қараңыз «Ақаулықтарды жою».
3. Коммутаторды бекіту
Коммутатор өзіндік тексеру сынағынан өткеннен кейін, ол тұрақты орында
бекітуге дайын болады. Коммутаторды мына жолмен бекітуге болады:
қабырғаға немесе көлденең беткей астына
көлденең беткейдің жоғарғы жағына
Қабырғаға бекіту
Коммутаторды қабырғаға орнатуға болады. Қабырғаға орнатуға арналған
арнайы жабдық коммутатормен бірге беріледі. Ескертпе: бұл жинақты
коммутаторды үстел сияқты көлденең беткейдің астына бекіту үшін де
қолдануға болады.
Қабырғаға немесе көлденең беткей астына орнату үшін, резеңке аяғының
тіркелмегенін тексеріңіз.
Абай болыңыз Коммутаторды қабырғаға немесе ағаш беткейге ғана кемінде 1/2 дюйм (12,7 мм)
фанерадан немесе соған балама болатын етіп бекіту қажет.
1. Осы қажетті орында, бекіту бұрандаларының қалпын белгілеңіз. Тесіктер
арасындағы ара қашықтық үшін коммутатормен бірге берілген жылдам
орнату нұсқаулығын қараңыз.
2. Коммутаторды қабырғаға немесе ағаш беткейге бекіту үшін Phillips #2
(қайшы басты) бұранданы жəне екі 3,5 мм өзі тесетін бұрандаларды
қолданыңыз.

Содержание

Скачать