HP 1405-5g v2 switch, j9792a [164/182] Аппараттық құралды диагностикалау сынақтары

HP 1405-5g v2 switch, j9792a [164/182] Аппараттық құралды диагностикалау сынақтары
3-6
Ақаулықтарды жою
Аппараттық құралды диагностикалау сынақтары
Аппараттық құралды диагностикалау
сынақтары
Бастапқы параметрлерін орнату арқылы коммутаторды
тексеру
Коммутатор дұрыс жұмыс істеп тұр деп ойласаңыз, оның айналымын жəне
жұмыс кодын тексеру үшін коммутатордың бастапқы параметрлерін орнатып
көруге болады. Бастапқы параметрлерін қайта орнату үшін, коммутатордың
қуат айналымын өшіріп, қуат сымын ажыратыңыз жəне 5 секунд күтіп, қуат
сымын қайта қосыңыз.
Коммутатордың қуат айналымын тексеру коммутатордың қуатын өзіндік
тексеруін орындайды.
Шиыршықталған екі сымды кабельді тексеру
Байланысты бере алмайтын немесе коммутатор мен қосылған желі құрылғысы
арасында тұрақты емес байланысты беретін желі кабельдері 10BASE-T,
100BASE-TX немесе 1000BASE-T түрлеріндегі IEEE 802.3 стандарттарына
сəйкес келмеуі мүмкін. Коммутаторға тіркелген шиыршықталған екі сымды
кабельдер сəйкес стандарттармен үйлесімді болу керек. Кабельдің осы
стандарттарға сəйкес келетінін тексеру үшін, кəсіби кабельді тексеру
құрылғысын қолданыңыз.
Тура желі коммуникацияларын тексеру
Коммутатор мен кабельді тура қосылымдарды тексеруді іске қосу арқылы
тексеруге болады, сынақ бір желі құрылғысынан белгілі деректерді коммутатор
арқылы басқасына жібереді. Мысалы, байланыс деңгейін тексеру сынағын
немесе коммутатор арқылы сұрақ-жауап сынағын іске қосуға болатын
жергілікті желі адаптерлері бар желіде екі дербес компьютер болса, осы
сынақты екі дербес компьютер арасындағы бүкіл
байланыс жолының дұрыс
жұмыс істейтінін тексеру үшін қолдануға болады. Байланыс сынағын немесе
сұрақ-жауап сынағын іс қосу бойынша қосымша ақпаратты LAN адаптерінің
құжаттамасынан қараңыз.

Содержание

Скачать