Samsung dw 50h4030bb — ыдыс жуғыш машинаның функциялары мен басқару элементтері [122/224]

Samsung dw 50h4030bb [122/224] Бөлшектері мен функциялары
10_ Бөлшектері мен функциялары
DW50H4050BB
1 3 4 7 85 62
1 Power (Қуат)
Ыдыс жуғыш машинаны іске қосу үшін осы түймешікті басыңыз: бейнебет
жанады.
2 Цикл Осы түймешікті басып, жуу бағдарламасын таңдауға арналған.
3 Жартылай толтыру
Аз зат жуғанда, қуат мөлшерін үнемдеу үшін үстіңгі немесе астыңғы
себеттің бірін ғана пайдаланыңыз.
Үстіңгі немесе астыңғы себетті таңдау үшін Жартылай толтыру
түймешігін басыңыз.
4 Қосымша шаю
Қосымша шаю функциясын бағдарлама аяқталғаннан кейін тағы
бір рет шайғыңыз келсе таңдауыңызға болады. Бұл функцияны Алдын ала жуу
бағдарламадан басқа кез-келген бағдарламамен бірге қолдануға болады.
5 Гигиена
Ыдыс жуғыш машина мүмкіндігінше таза ұстау үшін Гигиена түймешігін
басыңыз.
Соңғы шаю кезінде температура 67 °C градусқа дейін көтеріліп,
осы температура бірнеше минут сақталып тұрады. Бұл функция Алдын ала жуу
бағдарламасынан басқа барлық бағдарламада жұмыс істейді.
6
Multi tab
(Бала қауіпсіздігінің құралы)
Multi tab параметрін тұз жəне шайғыш зат қажет болғанда, бірақ Multi
In 1 таблеткасы қажет емес кезде таңдауға болады. Бұл функцияны
Алдын ала жуу бағдарламасынан басқа барлық бағдарламамен бірге
қолдануға болады. Басқа параметр балалар басқару панеліндегі
түймешіктерді байқамай басып ыдыс жуғыш машинаны қосып жібермеу
үшін, басқару панеліндегі түймешіктерді құрсаулауға мүмкіндік
береді.
Басқару панеліндегі түймешіктерді құрсаулау жəне белсенді күйге көшіру
үшін Multi tab түймешігін үш (3) секунд басып ұстаңыз.
7 Кешіктіру
Жуу циклін кешіктіріп бастау үшін осы түймешікті басыңыз. Жуу уақытын
24 сағатқа кешіктіріп бастауға болады. Осы түймешікті бір рет басқанда
жуу бір сағатқа кешіктіріледі.
8
Start (Бастау)
(Reset (Орнату))
Қуат қосылып тұрғанда, ыдыс жуғыш машинаның есігін жауып,
цикл мен қажет параметрлерді таңдаңыз. Циклды бастау үшін Start (Бастау)
түймешігін басыңыз.
Жұмыс істеп тұрған ыдыс жуғыш машина кідірту қажет болса Start (Бастау)
түймешігін басып есікті баяу жəне абайлап ашыңыз.
Start (Бастау) түймешігін жуу циклы кезінде 3 секунд басып, машинаны
бастапқы қалпына қоя аласыз. Бастапқы қалпына қойғаннан кейін, ыдыс
жуғыш машинаның су жұмсартқыш құралының тұз параметрінен басқа
барлық параметрлері бастапқы қалпына келеді.
Есік жабық тұрғанда Power (Қуат) түймешігі ғана жұмыс істейді.
Циклды бастамай тұрып (Multi tab, Жартылай толтыру, Кешіктіру, Гигиена жəне Қосымша шаю)
параметрлерін таңдай аласыз.
Бөлшектері мен функциялары
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 10Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 10 2014-07-14  3:39:092014-07-14  3:39:09

Содержание

Осы ыдыс жуғыш машинаның негізгі функциялары мен басқару элементтері туралы ақпарат. Жуу бағдарламаларын таңдау, гигиена, кешіктіру және балалар қауіпсіздігі.

Скачать