Samsung dw 50h4030bb — ыдыс жуғыш машинаның жуу бағдарламалары мен қауіпсіздігі [147/224]

Samsung dw 50h4030bb [147/224] Ыдыс қосып салу
Жуу бағдарламалары _35
05 ЖУУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Ыдыс қосып салу
Ұмыт қалған ыдысты кез келген уақытта, жуғыш зат үлестіргіші ашылмай тұрып қосып салуға болады.
1. Start (Бастау) түймешігін басып есікті баяу жəне абайлап ашыңыз, ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі
ыстық буға күйіп қалу қатері бар. (DW50H4030F)
Есікті баяу жəне абайлап ашыңыз, ыдыс жуғыш машинаның ішіндегі ыстық буға күйіп қалу қатері
бар. (DW50H4050BB / DW50H4030BB)
2. Бүріккіш түтіктер
жұмыс істеуін тоқтатқан кезде, есікті толық ашуға болады.
3. Ұмыт қалған ыдыс-аяқты салыңыз.
4. Есікті жабыңыз жəне Start (Бастау) түймешігін басыңыз, 10 секундтан кейін ыдыс жуғыш машина
жұмыс істейді. (DW50H4030F)
Есікті жабыңыз, 10 секундтан кейін ыдыс жуғыш машина жұмыс істейді. (DW50H4050BB /
DW50H4030BB)
ЕСКЕРТУ : Жуу циклі кезінде есікті ашу қауіпті, себебі ыстық суға күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жұмыс
істеп тұрған ыдыс жуғыш машинаның есігі ашық болса, қауіпсіздік тетігі іске қосылып, цикл
тоқтайды.
ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Цикл аяқталған кезде ыдыс жуғыш машинадан қысқа сигнал естіледі де, тоқтайды. Сандық бейнебетте “End”
көрсетілсе ғана бағдарлама аяқталады.
1. Ыдыс жуғыш машинаны Power (Қуат) түймешігін басып сөндіріңіз.
2. Су құятын шүмекті жабыңыз!
Есікті абайлап ашыңыз. Есік ашылған кезде ыстық бу шығып кетуі мүмкін!
Ыстық ыдыстар соққыға осал келеді. Ыдыстарды құрылғыдан шығарар алдында 15
минут қоя тұрып
суытып алу керек.
Ыдыс жуғыш машинаның есігін ашыңыз да, ыдыстарды шығармас бұрын бірнеше минут күтіңіз. Сонда
ыдыстар салқындап, құрғату нəтижесі де жақсара түседі.
Ыдыс жуғыш машинаны босату.
Ыдыс жуғыш машинаның іші дымқыл болады, бұл қалыпты жағдай.
Алдымен астыңғы себетті, содан кейін үстіңгі себетті босатыңыз. Сонда астыңғы себеттегі
ыдыстарға үстіңгі
себеттен су тамып кетпейді.
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 35Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 35 2014-07-14  3:39:192014-07-14  3:39:19

Содержание

Ыдыс жуғыш машинаның жуу бағдарламаларын пайдалану бойынша нұсқаулық. Ыдыстарды қауіпсіз жуу, салу және алу тәсілдері туралы ақпарат.

Скачать