Samsung dw 50h4030bb — күтіп ұстау және тазалау: тиімді кеңестер [153/224]

Samsung dw 50h4030bb [153/224] Ыдыс жуғыш машинаны күтіп ұстау
Күтіп ұстау жəне тазалау _41
06 КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
БҮРІККІШ ТҮТІКТЕРДІ ТАЗАЛАУ
Кермек судағы химиялық заттар бүріккіш түтіктің саңылаулары мен мойынтіректерін
бітеп тастамас үшін оларды жиі тазалап отыру керек. Ортаңғы бүріккіш түтікті алу
үшін гайканы ұстап тұрып, түтікті сағат тілінің бағытымен бұрап ағытып алыңыз.
Астыңғы бүріккіш түтікті алу үшін оны жоғары қарай тартыңыз. Түтіктерді сабын сумен
жуып, саңылауларын жұмсақ шөткемен тазалаңыз. Əбден шайғаннан
кейін орнына
салыңыз.
Ашу
ЕСІКТІ ТАЗАЛАУ
Есіктің жиегін айналдыра тазалау үшін тек жұмсақ, жылы, дымқыл шүберекті
қолданыңыз. Есіктің бекітпесі мен электрлік құраластарына су кіріп кетуіне жол
бермеу үшін ешқандай бүріккіш тазартқышты қолданбаңыз.
Сонымен қатар, құрылғының сыртқы беттерін түрпілі тазартқыштармен немесе
қырғыш ысқыштармен тазаламаңыз, себебі олар бетіне сызат түсіруі мүмкін. Кейбір
қағаз сүлгілер де құрылғы бетіне сызат түсіруі
немесе дақ қалдыруы мүмкін.
ЕСКЕРТУ : Есіктің панелін тазалау үшін ешқашан бүріккіш тазалағыш құралды қолданбаңыз, есіктің бекітпесі
мен электрлі құраластарға нұқсан келтіруі мүмкін. Жеміргіш заттарды немесе қағаз сүлгілерді қолданбау қажет,
себебі тот баспайтын темір бетке сызат түсіруі немесе дақ қалдыруы мүмкін.
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ КҮТІП ҰСТАУ
Басқару панелін сəл дымқыл шүберекпен тазалап, соңынан жақсылап құрғатыңыз. Сыртын құрылғыны
жылтыратқыш жақсы балауызбен тазалаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаның ешбір бөлшегін өткір заттармен, қырғыш жөкемен не қатты тазартқыштармен
тазаламаңыз.
МҰЗ ҚАТУДАН ҚОРҒАУ
Қыста ыдыс жуғыш машинаны жылытылмайтын жерде қалдырсаңыз:
1. Ыдыс жуғыш машинаға жалғанған электр тоғын ажырату.
2. Су құятын шүмекті жауып, су құятын түтікті су клапанынан ажырату.
3. Су құятын түтік пен су клапанындағы суды ағызу. (Суды жинау үшін кəстрөлді пайдаланыңыз)
4. Су құятын түтікті су клапанына қайта жалғау.
5. Құрылғының ішкі жақ түбінде
орналасқан сүзгіні алып, тұндырғыштағы суды жөкеге сорғытыңыз.
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 41Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 41 2014-07-14  3:39:192014-07-14  3:39:19

Содержание

Бүріккіш түтіктер мен есіктерді қалай дұрыс тазалау керек? Ыдыс жуғыш машинаны күтіммен пайдалану және мұздан қорғау бойынша пайдалы кеңестер.

Скачать