Samsung dw 50h4030bb — ыдыс жуғыш машинаны қауіпсіз орнату бойынша нұсқаулық [125/224]

Samsung dw 50h4030bb [125/224] Электртоғына жалғау
Ыдыс жуғыш машинаны орнату _13
02 ОРНАТУ
Ыдыс жуғыш машинаны орнату
ЕСКЕРТУ: Электртоғы қатері
Ыдыс жуғыш машинаны орнатар алдында тоқты ажыратыңыз.
Бұл нұсқау орындалмаса, мерт болу немесе электртоғына түсу қатері орын алады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ : Құбыр жəне электр құрылғыларын тек білікті мамандар ғана орнатуға тиіс.
Электртоғына жалғау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ, жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
ОСЫ ҚҰРЫЛҒЫДА ҰЗАРТҚЫШ СЫМДЫ НЕМЕСЕ АДАПТЕР АШАСЫН ҚОЛДАНБАҢЫЗ.
ЖЕРГЕ ҚОСУҒА АРНАЛҒАН ҮШІНШІ ІСТІКШЕНІ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ҚОРЕК СЫМЫНАН КЕСІП
АЛМАҢЫЗ НЕМЕСЕ АЛЫП ТАСТАМАҢЫЗ.
Электрмен жабдықтауға қойылатын талаптар
• 220-240 В / 50 Гц сақтандырғыш немесе айырып-қосқыш
Ыдыс жуғыш машинаға арналған қызмет көрсетудің жеке жүйесі.
Жерге қосуға қатысты нұсқаулар
Қолданар алдында құрылғының дұрыс жерге қосылғанын тексеріңіз
Бұл құрылғыны міндетті түрде жерге қосу керек. Ақаулық орын алғанда немесе сынып
қалғанда, жер қосылымы электр ағысына деген қарсы тұрушылықты арттырып, электр қатерінің
əсерін азайтады. Бұл құрылғы жерге қосу контакт құралы мен жерге қосу ашасы бар сыммен
жабдықталған. Ашаны жергілікті стандарттар мен ережелердің барлығына
сай орнатылған жəне
жерге қосылған арнайы розеткаға жалғау керек.
ЕСКЕРТУ : Құрылғының жерге қосу контакт құралы дұрыс жалғанбаса, электр тоғына түсу қатері
орын алады. Құрылғының жерге дұрыс қосылған-қосылмағанына күмəндансыңыз, білікті электрик
немесе қызмет көрсету орталығы маманына хабарласыңыз. Құрылғымен бірге жеткізілген аша сай
келмесе, ашаға өзгеріс енгізбеңіз.
СУ ҚҰЮ ЖƏНЕ ТӨГУ
Суық суға қосу
Суық су құюға арналған түтікті бұрамасы 3/4 (дюйм) ағытпаға жалғап, оның
орнына мықты қатайтып бұралғанын тексеріңіз.
Су құбырына қосу түтіктері жаңа болса немесе ұзақ уақыт қолданылмаған
болса, су əбден тазарғанша ағызып қойыңыз. Бұл сақтық шарасы су құятын
түтіктің бітеліп, құрылғының бүлініп қалмауы үшін қажет.
Құрылғымен бірге жеткізілген су құю түтігі аквасейф жүйесімен
жабдықталған. Су құятын түтіктің аквасейф түтігінің шүмекке
жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 13Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 13 2014-07-14  3:39:092014-07-14  3:39:09

Содержание

Ыдыс жуғыш машинаны орнату кезінде электр қауіпсіздігі мен су құю талаптарын орындау маңызды. Нұсқаулықты орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз.

Скачать