Samsung dw 50h4030bb — ыдыс жуғыш машинаны орнату: Нұсқаулық және кеңестер [126/224]

Samsung dw 50h4030bb [126/224] Ұзартқыш түтік
14_ Ыдыс жуғыш машинаны орнату
Ыстық суға қосу
Құрылғының су құю жүйесін, егер температурасы 60 °C градустан аспаса, үйдегі ыстық су жүйесіне де
(орталық жүйе, қыздырғыш жүйе) қосуға болады. Бұндай жағдайда, жуу циклының уақыты шамамен
15 минутқа қысқарады жəне жуу нəтижесі аздап төмендейді. Ыстық су жүйесіне қосу үшін, суық су
жүйесіне қосу тармағында көрсетілген əрекеттерді орындау керек.
Құрылғыны орналастыру
Құрылғыны қалаған
жерге орнатыңыз. Құрылғының артқы жағын қабырғаға тақатып, екі жағын
қатарлас орналасқан жиһаз немесе қабырғаға жақын орнатыңыз. Ыдыс жуғыш машинаны ыңғайлы
орнату үшін, оның оң немесе сол жағына орнатуға болатын, су құятын жəне төгетін түтіктері бар.
Түтіктерде қалған суды қалай ағызуға болады
Егер раковина еденнен 1000 мм биік орналасса, түтіктердегі артық суды раковинаға тура ағызу мүмкін
емес. Қалған суды шыныаяқ немесе сай келетін сауытты раковинаның астыңғы жағына қойып, соған
ағызып алу керек.
Су төгу
Су төгетін түтікті жалғаңыз. Су ағып кетпес үшін су төгетін түтікті дұрыс орнату керек.
Су құю түтігі жаншылып немесе майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Ұзартқыш түтік
Егер су төгетін түтікті ұзарту қажет болса, өлшемі мен сапасы су төгу түтігіне ұқсас түтікті қолданыңыз.
Ол 4 метрден ұзын болмауға тиіс; əйтпесе, ыдыс жуғыш машинаның жуу нəтижесі төмендейді.
Төлкені жалғау
Ақаба су жүйесіне жалғайтын жер машинаның түбінен 40 см (ең аз) жəне 100 см (ең көп) биіктікте
орналасуы қажет. Су төгу түтігін түтік қапсырмасымен бекіту керек.
Аквасейф
Аквасейф жүйесі - су ағуға жол бермейтін қауіпсіздік клапаны жүйесі болып табылады. Су құю түтігінен
кез келген уақытта су кетсе, қауіпсіздік клапаны су берілімін тоқтатады. Егер су құю түтігі немесе
қауіпсіздік клапаны бұзылса, оны алып, ауыстырыңыз.
Су құю түтігін ұзартпаңыз немесе қысқартпаңыз.
Ыдыс жуғыш машинаны орнату
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 14Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 14 2014-07-14  3:39:092014-07-14  3:39:09

Содержание

Ыдыс жуғыш машинаны орнату бойынша толық нұсқаулық. Ыстық суға қосу, су төгу және қауіпсіздік жүйелері туралы ақпарат алыңыз.

Скачать