Samsung dw 50h4030bb — қалай шайғыш зат пен су жұмсартқышты дұрыс қолдану керек [136/224]

Samsung dw 50h4030bb [136/224] Шайғыш зат үлестіргішін реттеу
24_ Жуғыш зат пен су жұмсартқышты қолдану
Шайғыш зат үлестіргіш
1. Үлестіргішті ашу үшін қақпағынашық” (сол жақ) көрсеткіге қарай
бұрап, көтеріп шығарыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіргішке ернеуінен асырмай абайлап
құйыңыз.
3. Қақпақтыашықкөрсеткісіне келтіре отырып салыңыз да,
"жабық" (оң) көрсеткісіне қарай бұраңыз.
Шайғыш зат соңғы шаю циклы кезінде, су тамшылары ыдыс бетіне тұрып, дақ немесе жолақ қалдыруын
болдырмау үшін қосылады. Ол сондай-ақ, суды ыдыстың бетінен кетіру арқылы оны жақсы құрғатуға
көмектеседі.
Ыдыс жуғыш машинаңыз сұйық шайғыш затты қолданатын етіп жасалған. Шайғыш зат үлестіргіші есіктің
ішкі жағында, жуғыш зат үлестіргішінің қасында орналасқан. Үлестіргішті
толтыру үшін қақпағын ашыңыз
да, оған шайғыш зат деңгейін көрсететін индикатор қара түске енгенше шайғыш заттан құйыңыз.
Шайғыш зат сауытының сыйымдылығы шамамен 130 мл.
Үлестіргішті ернеуінен асырмай толтырыңыз, себебі тым сабынды болып кетуіне əкелуі мүмкін. Төгіліп
қалса дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Ыдыс жуғыш машинаның есігін жаппай тұрып, қақпағын орнына
салуды ұмытпаңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ : Келесі жуу циклі кезінде көпіршімес үшін, шайғыш затты салып жатқанда
төгілген затты су тартатын шүберекке сіңіріп алыңыз.
Шайғыш зат үлестіргішін реттеу
Шайғыш зат үлестіргішінің төрт параметрі бар. Үлестіргішті əрқашан
3-ші қалыпқа қойып іске қосыңыз. Ыдыста дақ қалса немесе
дұрыс кеппесе, шайғыш зат үлестіргішінің қақпағын ашып, тетігін
4-ші қалыпқа қою арқылы шайғыш заттан тағы салыңыз. Біз 3-ші
параметрге қоюды ұсынамыз (Зауыттық параметрі: “3”).
Жуғаннан кейін ыдыс-аяқтың үстінде су тамшылары немесе əк дақтары қалса, шайғыш зат
мөлшерін көбейтіңіз. Ыдыс-аяқ үстінде ақшыл жолақтар болса немесе шыны ыдыс-аяқ үстінде
жəне пышақтардың жүзінде көкшіл дақтар қалса, шайғыш зат мөлшерін азайтыңыз.
Жуғыш зат пен су
жұмсартқышты қолдану
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 24Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 24 2014-07-14  3:39:112014-07-14  3:39:11

Содержание

Шайғыш зат пен су жұмсартқышты тиімді пайдалану бойынша нұсқаулық. Дұрыс мөлшерлеу, үлестіргішті реттеу және жуу циклының ерекшеліктері туралы ақпарат.

Скачать