Samsung dw 50h4030bb — ыдыс жуғыш машинаны күтіп ұстау және тазалау бойынша кеңестер [154/224]

Samsung dw 50h4030bb [154/224] _ күтіп ұстау жəне тазалау
42_ Күтіп ұстау жəне тазалау
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ҚАЛЫПТЫ ҰСТАУ ЖОЛДАРЫ
Жуу циклін орындап болған сайын
Əр жуу циклын орындап болғаннан кейін құрылғыға құйылатын суды тоқтатып, ылғал не жағымсыз иіс тұрып
қалмас үшін есігін сəл ашыңқырап қойыңыз.
Ашаны суырыңыз
Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын, əрқашан ашаны розеткадан суырыңыз.
Ешбір еріткіш немесе түрпілі заттарды қолданбаңыз
Ыдыс жуғыш машинаның сырты мен
резеңке бөлшектерін тазалау үшін еріткіш немесе түрпілі заттарды
ешқашан қолданбаңыз, тек шүберек пен жылы сабын су ғана пайдаланыңыз. Құрылғының ішкі бетіндегі дақтар
мен таңдақтарды, су мен аздаған ақ сірке суы немесе ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш зат сіңірілген
шүберекпен тазалаңыз.
Демалысқа кеткен кезде
Демалысқа кетердің алдында, жуу циклын ыдыс жуғыш
машинаға ыдыс салмай орындап, содан кейін оның
ашасын розеткадан суырып, су құятын шүмекті жауып, құрылғы есігін сəл ашық қалдыруды ұсынамыз. Бұл
тығыздағыштарды ұзақ пайдалануға көмектеседі жəне құрылғыдан иіс шығуына жол бермейді.
Құрылғыны жылжыту
Егер құрылғыны жылжыту қажет болса, оны тік қалыпта ұстауға тырысыңыз. Егер міндетті түрде солай істеу
керек болса, шалқасынан
қоюға болады.
Тығыздағыштар
Ыдыс жуғыш машинадан иіс шығуының бір себебі тығыздағыштарға тағам тұрып қалуы болып табылады.
Дымқыл жөкемен мерзімді түрде тазалап тұру мұндай жағдайды болдырмайды.
Күтіп ұстау жəне тазалау
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 42Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 42 2014-07-14  3:39:192014-07-14  3:39:19

Содержание

Ыдыс жуғыш машинаңызды дұрыс күтіп ұстау үшін қарапайым кеңестер. Тазалау, күтім және иіс шығуын болдырмау жолдары туралы біліңіз.

Скачать