Samsung dw 50h4030bb — ыдыс жуғыш машинаны орнату: толық нұсқаулық [131/224]

Samsung dw 50h4030bb [131/224] Ыдыс жуғыш машинаны орнату қадамдары dw50h4050bb dw50h4030bb
Ыдыс жуғыш машинаны орнату _19
02 ОРНАТУ
ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ҚАДАМДАРЫ
(DW50H4050BB / DW50H4030BB)
1. Жиһаздың есігін ыдыс жуғыш машинаның есігіне жинақпен бірге жеткізілген қапсырмаларды қолданып
орнатыңыз. Ілеспе парақшадан қапсырмалардың қалай орнатылатынан қараңыз.
2. Есік серіппелерінің тартылысын алты қырлы кілтпен, сағат тілінің бағыты бойынша бұрап, есіктің сол жəне оң
жақ серіппелерін қатайтыңыз. Бұлай істемеген жағдайда ыдыс жуғыш машинаға нұқсан келуі мүмкін. ( 2 - сурет)
3. Су құятын
түтікті суық су жүйесіне жалғаңыз.
4. Су төгетін түтікті жалғаңыз. Сызбаға қараңыз. (6-шы сурет)
5. Қуат сымын жалғаңыз.
6. Булануға қарсы таспаны корпустың жұмыс алаңының үстіне жапсырыңыз. Булануға қарсы таспаның корпустың
жұмыс алаңының шеттеріне кірігіп жапсырылғанына көз жеткізіңіз.
7. Ыдыс жуғыш машинаны орнына қойыңыз. (4-ші сурет)
8. Ыдыс жуғыш машинаның деңгейін реттеңіз. Артқы тірегін ыдыс жуғыш машинаның табаның ортасындағы алты қырлы
бұранданы, алты қырлы бұранда бұрағышпен бұрап реттеңіз (5A сурет). Алдыңғы тіректерін реттеу үшін жалпақ
бұранда бұрағышты пайдаланып, алдыңғы тіректерді ыдыс жуғыш машина орныққанша бұраңыз (5B сурет)).
9. Ыдыс жуғышты мықтап орнату керек. Бұл əрекетті екі тəсілмен орындауға болады:
- A. Кəдімгі жұмыс алаңы : Орнатылатын ілгекті жақтаудағы саңылауға салып, жұмыс алаңының үстіне ағаш
бұрандалармен бекітіңіз. (6-шы сурет)
- B. Мəрмəр немесе гранит жұмыс алаңдары: бұранданы бүйіріне бұраңыз. (7-ші сурет)
7-ші сурет
Булануға қарсы таспа
Жиһаздың есігі Жиһаздың есігі
AABB
11
22
33
44
66
77
55
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 19Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 19 2014-07-14  3:39:102014-07-14  3:39:10

Содержание

Ыдыс жуғыш машинаны орнату бойынша қадамдық нұсқаулық. Жиһазды, су және қуат сымдарын дұрыс жалғау, деңгейін реттеу және бекіту әдістері.

Скачать