Samsung dw 50h4030bb — сүзгі жүйесін күтіп ұстау және тазалау бойынша нұсқаулық [152/224]

Samsung dw 50h4030bb [152/224] Сүзгілерді тазалау
40_ Күтіп ұстау жəне тазалау
Күтіп ұстау жəне тазалау
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
Сүзгі жүйесі
Сізге ыңғайлы болу үшін сорғы мен сүзгі жүйесін қол оңай жететін жерге, барабан ішіне орналастырдық.
Сүзгі жүйесі үш бөліктен тұрады. негізгі сүзгі, ірі сүзгі жəне майда сүзгі.
1. Негізгі сүзгі: Осы сүзгі ұстап қалған тағам жəне қоқыс астыңғы бүріккіш
түтіктен шығатын арнайы су ағынымен шайылады да, су төгетін түтік
арқылы шығарылады.
2. Ірі сүзгі: Сүйек не шыны кесектері сияқты, су төгетін түтікке кептелуі
мүмкін үлкен заттар ірі торлы сүзгі арқылы ұсталады. Осы сүзгі ұстап
қалған қоқысты алу үшін, осы сүзгінің үстіндегі тығындарды еппен
қысыңыз да, сүзгіні шығарып алыңыз.
3. Майда сүзгі: Бұл сүзгі тұндырғыштың маңайында жиналған қоқыс пен
тағам қалдықтарын ұстайды жəне цикл
кезінде ыдысқа қайта жұғуына жол
бермейді.
2
3
1
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ : Майда сүзгіні төмен қаратып салмаңыз.
Сүзгілер жинағы
Сүзгілер жинағы жақсы жұмыс істеуі үшін оны тазалау керек. Сүзгі тағам қалдықтарын ыдыс жуатын
судан жақсы кетіреді жəне цикл кезінде судың айналуына мүмкіндік тудырады. Сондықтан да, əр жуу
циклынан кейін жартылай дөңгелек сүзгіні жəне сауытты ағып тұрған сумен шайып, тұрып қалған
тағамның ірірек қалдықтарын кетірген дұрыс. Сүзгі жинағын алу үшін сағат тілінің бағытына қарсы
бұрап, сүзгі жинағын жоғары тартыңыз. Сүзгі жинағын үнемі тазалап отыру керек.
Ірі сүзгі мен ұсақ сүзгіні тазалау үшін тазалағыш шөткені қолданыңыз. Содан кейін сүзгі жинағын ыдыс
жуғыш машинасындағы орындарына салып, төмен қарай басып, сағат тілінің бағытымен бұраңыз.
Ашу
Ыдыс жуғыш машинаны ешқашан сүзгілерін салмай қолдануға болмайды. Сүзгіні дұрыс орнатпасаңыз,
құрылғы жұмысына нұқсан келуі жəне ыдыс-аяқ пен ас құралдары бүлінуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ : Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерін орнына қоймай тұрып қолданбаңыз. Сүзгілерді
тазалаған кезде зақымдап алмаңыз. Сүзгілер зақымдалған жағдайда олар дұрыс жұмыс істемей,
жуу нəтижелерін төмендетеді немесе құрылғының ішкі бөлшектерін
бүлдіруі мүмкін.
Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 40Dishwsher_DW4000H_DD81-01701A_CIS_KZ_140714.indd 40 2014-07-14  3:39:192014-07-14  3:39:19

Содержание

Сүзгі жүйесін тиімді пайдалану үшін оны дұрыс күтіп ұстау және тазалау маңызды. Нұсқаулықта сүзгілердің түрлері мен тазалау әдістері туралы ақпарат берілген.

Скачать