Samsung ce 107 mnr-b [104/176] Баппен қуыру функцияларын пайдалану

Samsung ce 107 mnr-b [104/176] Баппен қуыру функцияларын пайдалану
Казақ - 16
ПІСІРУДІ ТОҚТАТУ
Келесі әрекетті орындау үшін тағам пісіруді кез келген уақытта тоқтатуға болады:
Тағамды тексеру
Тағамды аудару немесе араластыру
Қоя тұру
Тағам пісіруді
тоқтату үшін:
Содан кейін...
Уақытша Уақытша : Есікті ашыңыз немесе СТОП/ЭКО
(ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін бір рет басыңыз.
Нәтижесі: Пісіру тоқтайды.
Тағам пісіруді жалғастыру үшін есікті қайта жауып,
СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймешігін басыңыз.
Толық Толық: СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін бір рет
басыңыз.
Нәтижесі: Пісіру тоқтайды.
Пісіру параметрлерін біржола тоқтатқыңыз келсе,
СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін қайта басыңыз.
ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ РЕЖИМІН ОРНАТУ
Пештің қуатты үнемдеу режимі бар.
СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Дисплей сөнеді.
Қуатты үнемдеу режимін сөндіру үшін есікті ашыңыз
немесе СТОП/ЭКО (ТОҚТАТУ/ҮНЕМДІ) түймешігін
басыңыз, сонда дисплейде ағымдық уақыт көрсетіледі.
Пеш іске қосуға дайын.
Қуатты авт. түрде үнемдеу функциясы
Құрылғы функцияның ортасына келген кезде немесе уақытша тоқтап тұрған
кезде ешбір функцияны таңдамасаңыз, функция біржола тоқтайды да,
25 минуттан кейін сағат көрсетіледі.
Есік ашық тұрса, пештің шамы 5 минуттан кейін сөнеді.
БАППЕН ҚУЫРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
12 Баппен қуыру функцияларының алдын ала бағдарламаланған пісіру
уақыттары бар. Пісіру уақытын немесе қуат мәнін орнатудың қажеті жоқ.
Баппен қуыру функциясының пісіру санатын Здоровое поджаривание (Баппен
қуыру) түймешігін басып реттеуге болады.
Алдымен, тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз да, есікті жабыңыз.
ӘРҚАШАН микротолқынға және пешке төзімді ыдыстарды қолданыңыз. Шыны
және керамика ыдыстар, микротолқын тағамға біркелкі таралуға көмектесетіндіктен
микротолқынды пеш үшін тамаша ыдыс болып табылады. Пештің ішіндегі ыдыстар
өте ыстық болатындықтан, оларды ӘРҚАШАН қолғап киіп ұстаңыз.
1. Здоровое поджаривание (Баппен қуыру) түймешігін
басыңыз.
2. Тағам санатын Тетікті бұрап және Выбор (Таңдау)
түймешігін басып таңдаңыз.
1) Картоп/Көкөністер
2) Теңіз тағамы
3) Тауық
3. Тетікті бұрап, пісірілетін тағамның түрін таңдаңыз.
Әртүрлі алдын ала орнатылған бағдарламалардың
сипаттамасын келесі беттегі кестеден қараңыз. Осы
кезде, тағам түрін таңдау үшін Выбор (Таңдау)
түймешігін басыңыз.
4. Тағамның үлестірілетін мөлшерін Тетікті бұрап
таңдаңыз.
5. СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймешігін басыңыз.
Келесі кестеде тағам қуыруға арналған 12 Баппен қуыру автоматты
бағдарламалары көрсетілген. Бұның өз тиісті мөлшерлері мен нұсқаулары бар.
Май қуырғышымен салыстырғанда май аз жұмсалады, тағам дәмді болып піседі.
Бағдарламалар конвекция, үстіңгі қыздырғыш және микротолқын қуаты аралас
режиммен жұмыс істейді.
CE107MNSTR-BWT_DE68-04260D-00_KK.indd 16 2014-04-21 �� 5:46:40

Содержание

Похожие устройства

Скачать