Samsung ce 107 mnr-b [123/176] Қыздыру

Samsung ce 107 mnr-b [123/176] Қыздыру
Казақ - 35
06 ПІСІРУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Күріш және макарон пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Күріш: Қақпағы бар үлкен шыны пирекс ыдысын қолданыңыз – пісірген кезде
күріштің көлемі екі есеге дейін көбейеді. Бетін жауып пісіріңіз.
Пісіріп болғаннан кейін, қоя тұрар алдында араластырыңыз немесе
шөп не сарымай қосыңыз.
Ескерім: пісіру уақыты өткеннен кейін күріш судың барлығын сіңірмеуі
мүмкін.
Макарон: Үлкен шыны пирекс шыныаяғын қолданыңыз. Қайнаған судан құйыңыз,
бір шөкім тұз салып, жақсылап араластырыңыз. Бетін жаппай пісіріңіз.
Пісіріп жатқанда, пісіріп болғаннан кейін ара-тұра араластырыңыз.
Бетін жауып қоя тұрыңыз, содан кейін суын әбден сорғытыңыз.
Тағам Мөлшері Қуат Уақыт (мин.)
Ақ күріш
(Буға
ұсталған)
250 г
375 г
900 Вт 15-16
17½-18½
Нұсқаулар
Суық суды есе көп құйыңыз.
5 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Қоңыр күріш
(Буға
ұсталған)
250 г
375 г
900 Вт 20-21
22-23
Нұсқаулар
Суық суды есе көп құйыңыз.
5 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Аралас күріш
(Күріш +
Жабайы
күріш)
250 г 900 Вт 16-17
Нұсқаулар
500 мл суық су қосыңыз.
5 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
Аралас жүгері
(Күріш + Дән)
250 г 900 Вт 17-18
Нұсқаулар
400 мл суық су қосыңыз. 5 минут қоя тұрып, содан кейін
үстелге тартыңыз.
Макарон
250 г 900 Вт 10-11
Нұсқаулар
1000 мл ыстық су қосыңыз.
5 минут қоя тұрып, содан кейін үстелге тартыңыз.
ҚЫЗДЫРУ
Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пеші немесе электр пештерінде жұмсалатын
уақыттың аз мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады. Төмендегі кестеде
көрсетілген қуат мәні мен қыздыру уақыттарын жалпылама нұсқау ретінде қолданыңыз.
Кестедегі уақыт сұйық тағам +18-ден +20 °C дейінгі бөлме температурасында, немесе
тоңазытылған тағамның температурасы +5 градустан +7 °C градус деген есеппен берілген.
Орналастыру және бетін жабу
Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырудан сақ болыңыз – олардың ішкі
жағы піскенше сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы мүмкін. Тағамды кішкене мөлшерде
қыздырсаңыз, нәтижесі соғұрлым жақсырақ болады.
Қуат мәндері және тағамды араластыру
Кейбір тағамды 900 Вт қуатты қолданып, кейбірін 600 Вт, 450 Вт немесе тіпті 300 Вт қуатты
қолданып қыздыруға болады. Кестедегі ұсыныстарды қараңыз. Жалпы, тағам баппен пісіруді
қажет етсе, үлкен мөлшерде дайындалса немесе тез қызып кететіндей болса (мысалы,
фарш қосылған бәліш), бұндай тағамдарды төмен қуатпен қыздырған дұрыс. Жақсылап
араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде аударыңыз. Мүмкін болса, үстелге қоярдың
алдында тағы да араластырыңыз. Сұйық тағам немесе баланың тағамын қыздырғанда
ерекше абай болыңыз. Сұйық тағам кенет тасып төгіліп, адам соған күйіп қалмас үшін,
тағамды қыздырардың алдында және қыздырып болғаннан кейін араластырыңыз. Оларды
микротолқынды пештің ішіне, қоя тұру уақыты аяқталғанша қоя тұрыңыз. Пластик қасық
немесе шыны қалақты сұйық заттарға салып қоюды ұсынамыз. Тағамды қатты қыздырудан
(іске алғысыз болмас үшін) сақ болыңыз. Пісіру уақытын аз есептеп, қажет болса, қосымша
уақыт қосып қоя тұрыңыз.
Қыздыру және қоя тұру уақыттары
Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет кезде қарап жүру үшін
жазып қойған дұрыс. Қыздырылған тағамның әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрсын.
Тағамды қыздырып болғаннан кейін біраз уақыт қоя тұрыңыз – температура тағам бойына
біркелкі таралу үшін. Қыздырып болғаннан кейін, егер кестеде басқаша көрсетілмесе,
тағамды 2-4 минут қоя тұруды ұсынамыз. Сұйық тағам немесе баланың тағамын
қыздырғанда ерекше абай болыңыз. Сонымен қатар, сақтық шаралары қамтылған тарауды
да қараңыз.
СҰЙЫҚ ТАҒАМДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Температура тағам бойына біркелкі тарау үшін пешті сөндіргеннен кейін тағамды әрқашан,
кем дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз. Қажет болса, қыздырып жатқанда араластырыңыз және
ӘРҚАШАН қыздырып болғаннан кейін араластырыңыз. Кенет тасыған тағамға күйіп қалмас
үшін, қасық немесе шыны қалақты сусынның ішіне салып қою керек, қыздырып жатқанда
және оның алдында, қыздырып болғаннан кейін араластырыңыз.
CE107MNSTR-BWT_DE68-04260D-00_KK.indd 35 2014-04-21 �� 5:46:49

Содержание

Похожие устройства

Скачать