Samsung ce 107 mnr-b [108/176] Орыс дәстүрімен пісіру функцияларын пайдалану

Samsung ce 107 mnr-b [108/176] Орыс дәстүрімен пісіру функцияларын пайдалану
Казақ - 20
Келесі кестеде шамамен 60 Орыс асханасы бағдарламаларына арналған тағам
мөлшері мен тиісті ұсыныстар берілген.
Тағамды алған кезде тұмшапеш қолғабын киіңіз.
1. Таңғы ас
Код/Тағам Құраластар / Нұсқаулар
1-1
Ботқа
Кебір орыс ботқасы (Геркулес) – 50 г, қант – 5 г, тұз – 0,5 г,
қайнаған су – 200 мл, суық сүт – 150 мл
Шыныаяқ тәрізді үлкен ыдысқа құрғақ ботқаны, қант пен тұзды салыңыз.
Қайнап тұрған судан, сүттен қосып, жақсылап араластырыңыз. Пісіре
бастаңыз. Дайындап болғаннан кейін сары май, тұз, қант қосыңыз.
1-2
Қарақұмық
Қарақұмық - 100 г, тұз - 2 г, қайнаған су - 300 мл
Шыныаяқ тәрізді ыдысқа қарақұмық мен тұзды салыңыз. Қайнап тұрған
судан қосып, жақсылап араластырыңыз. Пісіре бастаңыз. Дайындап
болғаннан кейін сары май, тұз, қант қосыңыз.
1-3
Ірімшіктен
жасалған тост
Тост наны - 2 тілім (26-28 г/тілім), ірімшік - 2 тілім (20 г/тілім)
Үстіңгі гриль торына екі тосттан салыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен
сигнал естілген кезде, тост нандарын төмен аударып, үстіне
ірімшіктерден салыңыз. Содан кейін пісіруді жалғастырыңыз.
1-4
Қабықсыз
қайнатылған
жұмыртқа
Жұмыртқа – 1 дана, су – 300 мл, орыс сіркесуы 9 % – 10 - 15 мл
Су және сіркесу құйылған шараны тұмшапешке қойыңыз. Суды
қайнатыңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, қайнаған су және
сіркесуы бар шараны алыңыз. Шанышқымен сүйемелдеп тұрып, қабығы
жоқ жұмыртқаны шараға салыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз.
1-5
Қалбырдағы
арқан балық пен
ыстық майонез
қосылған нан
Нан - 2 тілім (22 г/тілім), қалбырдағы арқан балық - 60 г (30 г/дана),
майонез - 36 г (18 г/дана), сарымсақ (ұсақталған) - 2-5 г
Үстіңгі гриль торына екі нан тілімін қойыңыз. Пісіре бастаңыз.
Тұмшапештен сигнал естілген кезде нанды алыңыз. Нанды бет жағын
астына қаратып, үстіне қалбырдағы арқан балық пен майонезден
салыңыз. Пісіру үрдісін жалғастырыңыз. Үстіне ұсақталған сарымсақтан
салып әрлеңіз.
1-6
Қалбырдағы
бұршақ қосылған
шұжық
Шұжық - 2 тілім (50 г/тілім), сары май - 5 г, қалбырдағы бұршақ - 135 г
(құрғақ салмағы)
Табаққа терісі алынған тесілген шұжықтарды салыңыз, жанына сәл
сарымай салыңыз. Майдың үстіне қалбырдағы бұрышты салыңыз.
Пісіре бастаңыз.
ОРЫС ДӘСТҮРІМЕН ПІСІРУ ФУНКЦИЯЛАРЫН
ПАЙДАЛАНУ
60 Орыс асханасы функциясының алдын ала бағдарламаланған пісіру
уақыттары бар. Пісіру уақыты немесе қуат мәнін орнатудың қажеті жоқ.
Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана қолданыңыз.
Есікті ашыңыз. Тағамды бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз. Есікті жабыңыз.
1. Русская кухня (Орыс асханасы) түймешігін басыңыз.
2. Пісіру санатын таңдау үшін Тетікті бұраңыз.
3. Выбор (Таңдау) түймешігін басып пісіру санатын
таңдаңыз.
4. Пісіру режимін таңдау үшін Тетікті бұраңыз.
Әртүрлі алдын ала орнатылған бағдарламалардың
сипаттамасын келесі беттегі кестеден қараңыз.
5. СТАРТ/+30s (БАСТАУ/+30с) түймешігін басыңыз.
Нәтижесі: Тағам таңдалған, алдын ала
бағдарламаланған параметр бойынша
пісіріледі.
Тағам пісіру уақыты аяқталған кезде
пештен дыбысты сигнал естіледі де,
“End” жазуы 4 рет жыпылықтайды.
Содан кейін пеш минутына бір рет
сигнал береді.
CE107MNSTR-BWT_DE68-04260D-00_KK.indd 20 2014-04-21 �� 5:46:42

Содержание

Похожие устройства

Скачать