Aeg-Electrolux 47045 VD-MN [15/72] Тұмшапеш пайдалы ақыл кеңес

Aeg-Electrolux 47045 VD-MN [15/72] Тұмшапеш пайдалы ақыл кеңес
Пеш сөресі мен қуыру табасын қатар
орналастыру
Пештің сөресін қуыру табасының үстіне
қойыңыз. Қуыруға арналған терең
табаны пеш қатарларының біріндегі
бағыттағыш жолға кіргізіңіз.
ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Назарыңызда болсын!
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де әрқашан пештің есігін
жабыңыз.
Пештің эмалін бүлдірмеу үшін, пештің табанына пісіру табақтарын,
табаларды т.с.с. қоймаңыз.
Пештің эмалін бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алған немесе
салған кезде абай болыңыз.
Пештің сөре қойылатын төрт қатары бар. Сөре қатарларын пештің
астынан бастап санау керек.
Түрлі тағамдарды бір мезгілде пештің үш деңгейінде пісіруге болады.
Пеш ауаны айналдыруға және буды үздіксіз айналдыруға арналған
арнайы жүйемен жабдықталған. Осы жүйе көмегімен тағамды булы
ортада, ішін жұмсақ, сыртын қытырлақ етіп пісіруге мүмкіндік береді.
Бұл функция пісіру уақыты мен қуат шығынын барынша азайтады.
Құрылғының ішіне немесе есігінің шынысына бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тамақ пісірген кезде есікті пештен әрқашан артқа
шегініп барып ашыңыз. Бу аз жиналуы үшін, тамақ пісірер алдында
пешті 10 минут іске қосып қойыңыз.
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін ылғал жерлерін сүртіп
отырыңыз.
Торт пісіру
Пісіруді бастамай тұрып пешті 10 минут қыздырып алыңыз.
Пісіру уақытының 3/4 мөлшері өтпейінше пештің есігін ашпаңыз.
Бір уақытта екі пісіру сөресін пайдалансаңыз, олардың арасындағы
бір қатарды ашық қалдырыңыз.
Тұмшапеш - Пайдалы ақыл-кеңес
15

Содержание