Aeg-Electrolux 47045 VD-MN [5/72] Орнату

Aeg-Electrolux 47045 VD-MN [5/72] Орнату
Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып,
жарылып кетуі мүмкін.
Шыны панельдерді тазаламай тұрып, олардың салқындағанына көз
жеткізіңіз. Шыны сынып қалуы ықтимал.
Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
•Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті түрде ауыстыру керек. Қосымша нұсқауларды
жергілікті қызмет көрсету орталығынан алыңыз.
Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын
орындаңыз. май сүзгісіне(егер бар болса), қыздырғыш элементтер
мен термореле сенсорлық құралына ешқашан қандай да бір затты
бүркіп шашпаңыз.
Пиролит арқылы (егер бар болса)тазалаған кезде қатып қалған
ластық, құрылғы бетінің түсін өзгертуі мүмкін.
Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
Пештің шамын айырбастаған кезде абай болыңыз. Электр қатеріне
ұшырау қаупі бар!
Орнату
Бұл құрылғыны тек уәкілетті маман ғана орнатып, желіге қосып
немесе жөндеуге тиіс.
Құрылғы қолданылатын елдегі заң күшіне ие заңдар, қаулылар,
ережелер мен стандарттарды(қауіпсіздік нұсқаулары, қалдықтарды
қайта өңдеу бойынша ережелер, электр және/не газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) мұқият орындаңыз!
Орнату нұсқауларын орындамасаңыз, ақаулық орын алған жағдайда
кепілдік заңды күшке ие болмай қалады.
Құрылғыны тасымалдаған кезде еш жерінің бүлінбегенін тексеріңіз.
Бүлінген құрылғыны ешқашан желіге қоспаңыз. Қажет болса,
құрылғыны сатқан жерге хабарласыңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын заттарға (мысалы, терезе пердесі, сүлгі
т.б.) таятып орнатудан қашық болыңыз.
Ең алғаш пайдаланбас бұрын орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Бұл құрылғының салмағы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан
немесе үстіңгі жағынан тартпаңыз.
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы
минимум арақашықтықты сақтаңыз!
Маңызды! Пешті таған немесе сол сияқты оны биіктететін заттың
үстіне қоюға болмайды. Бұл құрылғының бір жағына қарай ауып кету
қаупін күшейте түседі!
Электр желісіне жалғау
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық тақтайшадағы электр параметрлерінің желі
параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5

Содержание