HP Deskjet Ink Advantage 5525 e-All-in-One — принтер басқару тақтасының функциялары мен мүмкіндіктері [38/96]

HP Deskjet Ink Advantage 5525 e-All-in-One [38/96] Қазақша
38
HP Deskjet құрылғысымен танысу
Басқару тақтасы түймелер:
1. Басты: Негізгі экранға қайтарады.
2. Анықтама: Бастапқы экранда барлық Анықтама
сұрақтарын көрсетеді. Басқа экрандарда сол
экранның Анықтамасын көрсетеді.
3. Жылжу түймешіктері: екі басты экранда,
суреттерді, алдын ала қарауларды,
бағдарламаларды және көлденең мәзір
параметрлерін шарлауға мүмкіндік береді.
4. Артқа: Алдыңғы экранға қайтарады.
5. Бас тарту: Ағымдағы әрекетті тоқтатады.
6. ePrint белгішесі және ePrint түймешігі: Принтердің
электрондық пошта мекенжайын, ePrint күйін және
ePrint мүмкіндігін көрсетеді. ePrint параметрлерін
өзгертуге немесе ақпараттық бетті басып шығаруға
болады.
7. Wireless белгішесі және Wireless түймешігі:
Сымсыз қосылым күйін, IP мекенжайын, желі
атын, аппараттық құрал мекенжайын (MAC) және
Тікелей сымсыз күйін көрсетеді. Сымсыз желі
параметрлерін өзгертуге немесе желілік қосылым
мәселелерін диагностикалауға көмектесетін
сымсыз желіні тексеру туралы есепті басып
шығаруға болады.
8. Сия белгішесі: Картридждағы анықталған сия
деңгейлерін көрсетеді.
9. Параметрлер белгішесі: Ұйқы режимін, авто қуатты
өшіру мүмкіндігін немесе басқа параметрлерді
Теңшелімдер мәзірінде өзгертуге болады және
күтім көрсету функцияларын орындау құралдарын
пайдалануға болады.
10. Фотосурет: Фотосуреттерді түрлі өлшемде және
қағазға жад картасынан тікелей басып шығарыңыз.
Жад картасын жад картасы ұясына енгізіңіз.
Фотосуреттерді шолу және басып шығару үшін
Қарау және басып шығару түймешігін басыңыз.
Фотосуретті айналдыру, қию немесе түзету үшін
Өңдеу мәзірін пайдаланыңыз.
11. Бағдарламалар: Карталар, боялған беттер,
жұмбақтар және т.б. сияқты тапсырмаларға
Интернет арқылы кірудің және мәліметтерді басып
шығарудың жылдам әрі оңай жолын береді.
12. Көшіру: 1-жақты немесе 2-жақты түсті немесе қара
көшірмелерді жасау. Қағаз параметрлерін (өлшем,
түрі, өлшемін өзгерту, шеттер) және сурет сапасын
(ашықтау ету/күңгірттендіру, жақсартулар) өзгерту
үшін Параметрлер түймешігін басыңыз.
13. Сканерлеу: Орынды таңдау үшін Электрондық
пошта, Жад картасы немесе Computer
пәрменін таңдаңыз. Сондай-ақ, сканерлеуді
кеңейтілген мүмкіндіктерді беретін компьютер
бағдарламасынан бастауға болады.
14. Жылдам пішіндер: Күнтізбелерді, бақылау
тізімдерін, ойындарды, жазу кітапшасы қағазын,
миллиметрлік қағазды және ноталық қағазды
басып шығаруға болады.
15. Қосу түймешігі.
16. Сымсыз байланыс күйінің шамы:
Тұрақты көк шам сымсыз қосылым орнатылғанын және басып шығаруға болатынын көрсетеді.
Баяу жыпылықтап тұрған шам сымсыз қосылым қосулы екенін, бірақ принтердің желіге қосылмағанын
көрсетеді. Принтер сымсыз сигналдың ауқымында екенін тексеріңіз.
Жылдам жыпылықтап тұрған шам сымсыз қосылымның қатесін көрсетеді. Принтер дисплейіндегі хабарды
қараңыз.
Қазақша

Содержание

Принтер басқару тақтасының түймелері мен функциялары туралы толық ақпарат. Сымсыз байланыс, басып шығару, сканерлеу және параметрлерді өзгерту мүмкіндіктері.

Скачать