HP Deskjet Ink Advantage 5525 e-All-in-One — принтерді орнату және ақаулықтарды жою бойынша нұсқаулық [39/96]

HP Deskjet Ink Advantage 5525 e-All-in-One [39/96] Қуат сипаттамалары
39
Windows Mac
Орнату және ақаулықтарды жою
Қуат сипаттамалары
CQ191-60018
Кіріс кернеуі: 200 – 240 В (айнымалы ток)
(+/- 10%)
Кіріс жиілігі: 50/60 Гц (+/- 3 Гц)
CQ191-60017
Кіріс кернеуі: 100 – 240 В (айнымалы
ток) (+/- 10%)
Кіріс жиілігі: 50/60 Гц (+/- 3 Гц)
Егер басып шығару мүмкін болмаса...
Қате туралы хабарламалардың бар-жоғын тексеріп, ақаулықтарды жойыңыз. Егер әлі басып шығару мүмкін
болмаса, төмендегі әрекеттерді мына кезекте орындаңыз:
HP Deskjet құрылғысының әдепкі принтер ретінде
орнатылғанына және желіге қосылғанына көз
жеткізіңіз.
Бұны орындау үшін:
1. Windows жүйесінің тапсырмалар тақтасындағы
Бастау түймешігін басыңыз.
2. Одан кейін
(Windows 7
®
жүйесінде) Құрылғылар және
принтерлер
(Windows Vista
®
жүйесінде) Принтерлер
(Windows XP
®
жүйесінде) Басқару тақтасы,
одан кейін Принтерлер және факстар
Принтерді тауып, оның жанындағы шеңберге
құсбелгінің қойылғандығын тексеріңіз. Егер құсбелгі
қойылмаған болса, принтер белгішесін тінтуірдің оң
жақ түймешігімен нұқып, ашылған мәзірден
Әдепкі
принтер ретінде орнату
пәрменін таңдаңыз.
Принтердің желіден қосылмағанын тексеру үшін
принтер белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
нұқып, Принтерді дербес түрде пайдалану
және Басып шығаруды кідірту құсбелгілерінің
қойылмағанына көз жеткізіңіз.
Егер HP принтер бағдарламасы орнатылмаса:
1. Ықшам дискіні компьютердің ықшам дискіенгізгісінен
алып, принтерді компьютерден ажыратыңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Кез келген желіаралық қалқан бағдарламалық
құралының жұмысын уақытша тоқтатыңыз және
вирусқа қарсы кез келген бағдарламалық құралды
жабыңыз.
4. Принтердің бағдарламалық құралы бар ықшам
дискіні компьютердің ықшам дискіенгізгісіне
салып, принтердің бағдарламалық құралын орнату
үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Нұсқау
берілгенше USB кабелін жалғамаңыз.
5. Орнату үрдісі аяқталғаннан кейін компьютерді
қайта іске қосыңыз және тоқтатылған немесе
жабылған кез келген қауіпсіздік бағдарламалық
құралын қайта іске қосыңыз.
Қайта іске қосу және қалпына келтіру:
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
2. Принтерді қалпына келтіріңіз:
a. Принтерді сөндіріп, қуат сымын ажыратыңыз.
b. Бір минут күтіп, қуат сымын қайта жалғаңыз да,
принтерді қосыңыз.
Басып шығару кезегін тексеріңіз:
1. Жүйелік теңшелімдерде мынаны нұқыңыз:
Басып шығару және факс (Mac OS
X v10.6)
Басып шығару және факс (Mac OS X v10.7)
2. Басып шығару кезегін ашу түймешігін басыңыз.
3. Басып шығарылатын тапсырманы таңдаңыз.
4. Басып шығарылатын тапсырманы басқару үшін,
төмендегі түймешіктерді қолданыңыз:
Жою: Таңдалған басып шығарылатын
тапсырманы жою үшін қолданылады.
Қалпына келтіру: Кідіртілген басып
шығарылатын тапсырманы жалғастырады.
Егер кез келген өзгертулер енгізілген болса,
қайта басып шығаруға әрекет жасаңыз.
Егер әлі басып шығару мүмкін болмаса, НР
принтерінің бағдарламалық құралын жойып, оны
қайта орнатыңыз.
Бағдарламалық құралды жою үшін,
1. Принтерді компьютерден ажыратыңыз.
2. Бағдарламалар: Hewlett-Packard қалтасын
ашыңыз.
3. НР бағдарламасын жою құралы белгішесін екі
рет нұқыңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламалық құралды орнату үшін:
1. Ықшам дискіні компьютердің ықшам
дискіенгізгісіне салыңыз.
2. Жұмыс үстеліндегі ықшам дискі параметрін ашып,
НР бағдарламасын орнату құралы белгішесін екі
рет нұқыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескертпе: Осы принтерді HP компаниясы берген қуат сымымен ғана пайдаланыңыз.
Қазақша

Содержание

Принтерді орнату және ақаулықтарды жою бойынша толық нұсқаулық. Басып шығару мәселелерін шешу, желіге қосу және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату туралы ақпарат.

Скачать