Samsung DV90T8240SX/LP [60/168] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90T8240SX/LP [60/168] Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
Қазақша
4
Қауіпсіздік шаралары
Жаңа Samsung кептіргішін сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл нұсқаулықта құрылғыны орнату, іске
қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған. Кептіргіштің көп мүмкіндіктері мен
функцияларын толық қолдану үшін, осы нұсқаулықты уақыт бөліп оқып шығыңыз.
Қандай қауіпсіздік нұсқауларын білу керек
Осы нұсқаулықта көрсетілген ескертулер мен қауіпсіздік нұсқаулары, орын алуы мүмкін жағдайлардың
барлығын қамтымаған. Кептіргішті орнату, оған күтім көрсету және іске қосу барысында сақтық шараларын
сақтау және абай болып әрекет ету сіздің міндетіңіз.
Түсінбейтін мәселе немесе жағдай туындаса, үнемі өндірушіге хабарласыңыз.
Маңызды қауіпсіздік белгілері
Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:
ЕСКЕРТУ
Адам қатты жарақат алатын, мерт болатын және/нем мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті
әрекеттер.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Адам жарақат алатын, және/не мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Өрт немесе жарылыс қаупін азайту үшін, келесі осы негізгі сақтық шараларын орындаңыз.
ЕСКЕРІМ
Адамға немесе мүлікке зақым келтіретін қауіптің бар екенін көрсетеді.
Нұсқауларды оқыңыз
Бұл ескерту белгілері өзіңіз және басқа адамдар жарақат алмас үшін берілген.
Оларды мұқият орындаңыз.
Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін, кейін қарап жүру үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз.
Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
Айналатын бөлшектері бар кез келген электр құрылғысы тәрізді, бұл да қатерлі жағдайлар туғызуы мүмкін. Осы
құрылғыны қауіпсіз іске қосу үшін, оны іске қолдану және күтім көрсету жолдарымен танысыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт қаупі бар
Киім кептіршігті білікті техник орнатуы керек.
Киім кептіргішті өндірушінің нұсқауларына сәйкес орнату керек.
Жарақат алу, мерт болу қаупін азайту үшін барлық орнату нұсқауларын орындаңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-02 (LP)_KK_Door closing issue.indd 4 2021/11/25 16:17:33

Содержание

Похожие устройства

Скачать