Samsung DV90T8240SX/LP [66/168] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90T8240SX/LP [66/168] Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
10
Құрылғыны бензин, керосин, бензол, сұйылтқыш, спирт, т.б. тәрізді тұтанғыш зат жұққан кірді кептіру үшін
пайдаланбаңыз.
Себебі электр қатері орын алуы, өрт не жарылыс шығуы мүмкін.
Жануарларға кептіргішті кеміруге не онымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Электр қатері орын алуы не адам жарақаттануы мүмкін.
Құрылғыны тастаған кезде есігі мен қуат сымын құрылғыны тастамай тұрып ағытып алыңыз.
Бұлай істемеген жағдайда қуат сымына ақау келуі немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Қуат ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз.
Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Газ (орталықтандырылған газ, пропан газы, СГ) жылыстап шыққанда, бұл құрылғыға немесе қуат сымына қол
тигізбеңіз, дереу желдетіңіз.
Осы кезде желдеткішті пайдаланбаңыз.
Жарқыл шығып, жарылыс не өртке ұласуы мүмкін.
Құрылғының кез келген бөлшегін, пайдаланушы жөндеуге арналған нұсқаулықта арнайы көрсетілмесе,
жөндеуге, ауыстыруға немесе қызмет көрсетуге тырыспаңыз. Сонымен қатар, бұл құрылғыға қызмет көрсетуге
жарайтын дағдыларыңыз болуы керек.
Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Стандартты сақтандырғыштан басқа сақтандырғышты (мысалы, мыс, темір сым т.б.) қолданбаңыз.
Құрылғыны жөндеу немесе қайта орнату қажет болса, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұлай істемегенде, электр қатері орын алуы, өрт шығуы, өнімге нұқсан келуі немесе адам жарақат алуы
мүмкін.
Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Егер коммерциялық мақсатта қолданылса, өнім көрсетілген мақсатта қолданылмаған болып есептеледі. Бұндай
жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша қарастырылмайды және дұрыс
қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.
Құрылғыдан тосын шуыл, иіс, тұтанған иіс не түтін шықса, қуат сымын дереу кесіп, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Себебі электр немесе өрт қатері пайда болуы мүмкін.
Балаларға (не үй жануарларына) құрылғының ішінде немесе үстіне шығып ойнауға рұқсат бермеңіз.
Құрылғының есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды және балалар қамалып қалса, қатты жарақат алуы мүмкін.
Пайдалану кезінде сақталатын сақтық шаралары
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы, кір, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі,
ыдыс-аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.б.) қоймаңыз.
Бұның нәтижесінде электр, өрт қатері орын алып, құрылғыға нұқсан келуі не адам жарақаттануы мүмкін.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-02 (LP)_KK_Door closing issue.indd 10 2021/11/25 16:17:34

Содержание

Похожие устройства

Скачать