Samsung DV90T8240SX/LP [83/168] Кептіру нұсқаулары

Samsung DV90T8240SX/LP [83/168] Кептіру нұсқаулары
Қазақша
Қазақша
27
Кептіру нұсқаулары
ҚАДАМ 1 Сұрыптау
Ауыр және жеңіл заттарды араластырмаңыз.
Күңгірт түсті бұйымдарды ашық түсті бұйымдардан бөлек жуыңыз және кептіріңіз.
Кірдің жапсырмасында ұсынылмаса, жүн немесе шыны талшықтан жасалған заттарды
кептірмеңіз.
Май, спирт, бензин, т.с.с. заттар жұққан кірлерді кептірмеңіз.
Жуылмаған заттарды кептірмеуге тырысыңыз
Жуылғаннан кейін суы толық сырқылмаған ылғал бұйымдарды кептірмеңіз. Бұл кептіргіштің
ішінде иіс шығуына немесе кептіргіштің ақаулығына себеп болуы мүмкін.
Балалардың шұлықтары және басқа да шағын, жеңіл бұйымдар үшін кір киімдер торын
пайдалануды ұсынамыз.
ҚАДАМ 2 Қалталарды босатып, ішін сыртқа шығарып салыңыз
Күңгірт түсті киімдерді кептіруден бұрын астарын шығарып салыңыз. Бұл кептіру процесі
кезінде матаның үйкелуден зақымдалуын болдырмайды және кептіргіштің ішкі бөлшектерін
түссізденуден және зақымдалудан қорғайды.
Түймелері немесе кестелері бар бұйымдарды кептіруден бұрын астарын шығарып салыңыз.
НАЗАР САЛЫҢЫЗ
Қалталарды босатыңыз. Киімдегі тиын, түйреуіш және қапсырма тәрізді темір заттар басқа
киімдерге, сонымен қатар барабанға зақым келтіруі мүмкін.
Кептіруден бұрын бұйымдардағы металл заттарды алып тастаңыз, сыдырманы жабыңыз және
ілгектерін іліңіз. Бұйымдардағы металл бөлшектер басқа бұйымдарға және барабанға зақым
келтіруі мүмкін.
ҚАДАМ 3 Қыл-қыбыр сүзгісін тексеріңіз
Бұйымдарды кептіргіш машинаға салмас бұрын, қыл-қыбыр сүзгісінің дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз. Кептіргіш қыл-қыбыр сүзгісінсіз жұмыс істемейді.
Кептіруден бұрын қыл-қыбыр сүзгісін әрқашан тазалаңыз. Сүзгі тазалау туралы қосымша
ақпаратты 45-беттегі “Қыл-қыбыр сүзгісі бөлімінен қараңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-02 (LP)_KK_Door closing issue.indd 27 2021/11/25 16:17:38

Содержание

Похожие устройства

Скачать