Samsung DV90T8240SX/LP [62/168] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90T8240SX/LP [62/168] Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
6
10. Егер бар болса, қыл-қыбыр жинайтын сүзгіні жиі тазалау керек.
11. Кептіргіш машинаның айналасына қыл-қыбыр жиналып қалмау керек. (желдету
жүйесі құрылғының сыртына шығарылған құрылғылар үшін пайдалануға
арналмаған)
12. Басқа жанармай қолданып отырған, соның ішінде ашық оттардың газдары бөлмеге
қайта кірмеу үшін тиісті желдету жүйесін орнату керек.
13. Жуылмаған заттарды кептіргіш машинада кептірмеңіз.
14. Тағам пісіретін май, ацетон, спирт, бензин, дақ кетіргіш, скипидар, балауыз және
балауыз кетіргіштер жұққан киімдерді кептіргіш машинада кептірмес бұрын, ыстық
суға салып, жуғыш затты артық мөлшерде қосып жуу керек.
15. Көбікті резеңке (латекс көбігі), себезгі қалпақ, су өткізбейтін мата, резеңке астарлы
заттар мен киімдерді, көбікті резеңке толтырмасы бар жастықтарды кептіргіш
машинада кептіруге болмайды.
16. Мата жұмсартқыштарды немесе соған ұқсас заттарды, мата жұмсартқыштың
нұсқауларына сай пайдалану керек.
17. Кептіргіш машинаның соңғы циклында заттардың температурасын заттар үшін
қауіпсіз деңгейге дейін жеткізу үшін қызу (салқындату циклы) бөлінбейді.
18. Темекі тұтатқыштар және сіріңкелер тәрізді заттардың барлығын қалтадан алу
керек.
19. ЕСКЕРТУ: Кептіргіш машинаны ешқашан, егер заттарды тез алып, кептіру қызуын
баспасаңыз, кептіру циклы аяқталғанша тоқтатпаңыз.
20. Газ немесе басқа жанармай жағатын құрылғылардың түтіндерін шығаруға арналған
мұржаға, шығарынды ауаны жібермеу керек.
21. Құрылғыны бекітілетін, сырғымалы есігі бар немесе кептіргішті толық ашуға кедергі
жасайтын, топсасы кептіргіш машинаның қарсы жағында орнатылған есігі бар
жерге орнатпау керек.
22. ЕСКЕРТУ: Құрылғыға таймер тәрізді сырттан іске қосатын құралды орнатпау керек
немесе құрал арқылы жиі қосылатын және сөндірілетін тізбекке қоспау керек.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-02 (LP)_KK_Door closing issue.indd 6 2021/11/25 16:17:33

Содержание

Похожие устройства

Скачать