Samsung DV90T8240SX/LP [64/168] Қауіпсіздік шаралары

Samsung DV90T8240SX/LP [64/168] Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
Қауіпсіздік шаралары
Қазақша
8
Мата жұмсартқыштарды немесе соған ұқсас заттарды, мата жұмсартқыштың нұсқауларына сай пайдалану керек.
Кептіргіш машинаның соңғы циклында заттардың температурасын заттар үшін қауіпсіз деңгейге дейін жеткізу
үшін қызу (салқындату циклы) бөлінбейді.
Май тиген бұйымдар әсіресе кептіру машинасы сияқты қызу көздерінің әсерінде кенеттен тұтануы мүмкін.
Бұйымдар қызғанда, майда тотығу реакциясы орын алуы мүмкін. Тотығу қызуға себеп болады. Қызуы қайтпаса,
бұйымдар жеткілікті деңгейде қызып, өртенуі мүмкін. Май тиген бұйымдарды қабаттап жинау, жинақтау немесе
сақтап қою ыстықтың шығып кетуіне жол бермей, өрт қаупін келтіріп шығарады.
Өсімдік немесе аспаздық майы тиген шашқа күтім жасау өнімдерімен ластанған бұйымдарды кептіргіш
машинаға салуға мәжбүр болсаңыз, алдымен оларды қосымша жуу құралымен ыстық суды жуу керек, бұл қауіпті
азайтады, бірақ толықтай алдын алмайды.
Кептіргіш машинаны ешқашан, егер заттарды тез алып, кептіру қызуын баспасаңыз, кептіру циклы аяқталғанша
тоқтатпаңыз.
Темекі тұтатқыштар және сіріңкелер тәрізді заттардың барлығын қалтадан алу керек.
Өндірістік химикаттармен тазаланған заттарды кептіргіш машинамен (немесе кір жуу машинасының кептіру
режимімен) кептіруге болмайды.
Орнатуға қатысты қатаң ескертулер
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғыны білікті техник немесе қызмет көрсету орталығы орнатуға тиіс.
Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, электр, өрт, жарылыс қатері орын алуы, өнімге нұқсан келуі не адам
жарақат алуы мүмкін.
Қорек сымын қабырғадағы розеткаға жалғаңыз және розетканы тек осы құрылғы үшін қолданыңыз. Сонымен
қатар, ұзартқыш сымды қолдануға болмайды.
Розеткаға ұзартқышты немесе көп-салалы қосқышты пайдаланып басқа құрылғыларды қоссаңыз, электр
қатері не өрт шығуы мүмкін.
Желі кернеуі, жиілік пен тоқ мәндерінің, құрылғының техникалық параметрлеріне сай келетінін тексеріңіз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. Ашаны розеткаға мықтап
сұғыңыз.
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен контакттарын, шаң немесе су тәрізді басқа заттардан құрғақ
шүберекті қолданып мезгіл-мезгіл тазалап отырыңыз.
Ашаны розеткадан суырып, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Орам материалдарының барлығын баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар
үшін қауіпті болуы мүмкін.
Бала қалтаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Бұл құрылғыны жерге дұрыс қосу керек.
Құрылғыны газ құбырына, пластик құбырға немесе телефон сымына тұйықтамаңыз.
Электр қатері орын алуы, өрт, жарылыс шығуы немесе құрылғыға зақым келуі мүмкін
Құрылғының ашасын жерге дұрыс қосылмаған розеткаға ешқашан жалғамаңыз, оны жергілікті және
мемлекеттік стандарттарға сай жерге қосыңыз.
U-PJT_DRYER_SimpleUX_DC68-04169J-02 (LP)_KK_Door closing issue.indd 8 2021/11/25 16:17:33

Содержание

Похожие устройства

Скачать