Samsung HW-Q990C [101/114] Bt pairing

Samsung HW-Q990C [101/114] Bt pairing
KAZ - 25
07 МОБИЛЬДІ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСУ
1-әдіс. Bluetooth арқылы қосылу
Мобильді құрылғы Bluetooth арқылы қосылған кезде, стерео дыбысты кабельдерсіз естуге болады.
Жұптасқан Bluetooth құрылғысын Soundbar құрылғысының өшірулі күйінде жалғаған кезде, Soundbar құрылғысы автоматты түрде қосылады.
PAIR
5 Sec
НЕМЕСЕ
Soundbar құрылғысының үстіңгі жағы
BT PAIRING
Мобильді құрылғы
Бастапқы қосылым
Жаңа Bluetooth құрылғысына қосылған кезде құрылғының 1 м шеңберінде болғанына көз жеткізіңіз.
1. BT PAIRING режимін енгізу үшін Soundbar қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз.
(НЕМЕСЕ)
a. Үстіңгі панельдегі
(Көп функция) түймесін басыңыз, одан кейін “BT” параметрін таңдаңыз.
BT” режимі “BT PAIRING” режиміне бірнеше секунд ішінде автоматты түрде ауысады немесе қосылу жазбасы бар болса, “BT READY” режиміне
ауысады.
b. BT READY” хабары көрсетілгенде Soundbar құрылғысының үстіңгі панеліндегі (Микрофон қосулы/өшірулі) түймесін 5 секундтан артық басып
тұру арқылы “BT PAIRING” параметрін көрсетуге болады.
2. Құрылғыңызда пайда болатын тізімнен Soundbar Q***B” тармағын таңдаңыз.
Soundbar құрылғысы мобильді құрылғыға қосылған кезде, алдыңғы дисплейде [Мобильді құрылғының атауы] → BT” пайда болады.
3. Музыка файлдарын Bluetooth және Soundbar құрылғысы арқылы қосылған құрылғыдан ойнатыңыз.
Soundbar құрылғысын мобильді құрылғыға алғаш рет қосқаннан кейін қайта қосу үшін BT READY режимін пайдаланыңыз.
Құрылғы қосылмаған жағдайда
Егер Мобильді құрылғыдағы колонкалар тізімінде Soundbar құрылғысы (мысалы, “Soundbar Q***B”) болса, оны жойыңыз.
1-ші және 2-ші қадамды қайталаңыз.
BT READY және BT PAIRING арасындағы айырмашылық неде?
BT READY: Бұл режимде бұрын жалғанған кез келген Samsung теледидарын немесе мобильді құрылғыны қайта жалғауға болады.
BT PAIRING: Бұл режимде Soundbar құрылғысына жаңа құрылғыны жалғауға болады.
(“BT" режимінде болғанда Soundbar қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar құрылғысының жоғарғы жағындағы
(Микрофон қосулы/өшірулі) түймесін 5 секундтан артық басып тұрыңыз.)
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады. Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да
электрмагниттік толқын шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
Soundbar құрылғысы SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына ғана жалғаңыз.
Soundbar құрылғысын тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына жалғау мүмкін емес.
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысына жалғағанда, оларды бір-біріне мүмкіндігінше жақын қойыңыз.
Soundbar құрылғысы мен Bluetooth құрылғысы бір-бірінен алыс орналасқан сайын, дыбыс сапасы төмендей береді.
Bluetooth байланысы құрылғылар қосыла алатын аймақтан тыс болғанда үзілуі мүмкін.
Қабылдау мүмкіндігі төмен аймақтарда Bluetooth қосылымы күтілетіндей жұмыс істемеуі мүмкін.

Содержание

Похожие устройства

Скачать