Samsung HW-Q990C [109/114] Іске қосу

Samsung HW-Q990C [109/114] Іске қосу
KAZ - 33
Іске қосу
Soundbar құрылғысының үстіңгі жағы
INIT
Soundbar құрылғысы қосылып тұрғанда корпустағы (Дыбыс деңгейі)
түймелерін бір уақытта кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. Дисплейде INIT
жазуы пайда болады да, Soundbar құрылғысы іске қосылады.
ЕСКЕРТУ
Soundbar құрылғысының барлық параметрі іске қосылады. Мұны
міндетті түрде тек іске қосу қажет болғанда орындаңыз.
12 АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Көмек сұрамас бұрын, мыналарды тексеріңіз.
Soundbar қосылмайды.
Soundbar құрылғысының қуат сымы розеткаға дұрыс салынғанын
тексеріңіз.
Soundbar тұрақсыз жұмыс істейді.
Қуат сымын суырып алғаннан кейін оны қайтадан салыңыз.
Сыртқы құрылғының қуатын өшіріп, қосып, әрекетті қайталаңыз.
Сигнал болмаған кезде, Soundbar құрылғысы белгілі бір уақыт
аралығында автоматты түрде өшіріледі. Қуатты қосыңыз. (8-бетті
қараңыз.)
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді
Қашықтан басқару пультін Soundbar тақтасына тура бағыттаңыз.
Батареяларды жаңасына ауыстырыңыз.
Soundbar құрылғысындағы индикатор қызыл түспен тұрақты жанады.
Микрофон өшірілген.
Микрофонды қосыңыз. (7-бетті қараңыз.)
Soundbar құрылғысынан дыбыс шықпайды.
Soundbar құрылғысының дыбыс деңгейі тым төмен немесе дыбыс
өшірілген. Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Кез келген сыртқы құрылғы (STB, Bluetooth құрылғысы, мобильді құрылғы
және т.б.) қосылған кезде, сыртқы құрылғының дыбыс деңгейін реттеңіз.
Теледидар дыбысын шығару үшін Soundbar құрылғысын таңдаңыз.
(Samsung теледидары: Басты (
) → Мәзір → Баптаулар ( ) → Барлық
баптаулар ( ) → Дыбыс → Дыб.шығысы → Select Soundbar)
Soundbar құрылғысына қосылған кабель әлсіремеуі керек. Кабельді
ажыратып, қайтадан жалғаңыз.
Қуат кабелін толығымен алып, оны қайтадан қосып, қуат көзін қосыңыз.
Өнімді іске қосып, әрекетті қайталаңыз. (33-бетті қараңыз.)
Сабвуферден немесе артқы колонкалардан дыбыс шықпайды.
Сабвуфер мен дыбыс колонкаларының артындағы жарық диодты
индикатор көк түспен жанған-жанбағанын тексеріңіз. Егер индикатор көк
түспен жыпықтаса немесе қызыл түспен жанып тұрған болса, Soundbar,
сабвуферді және дыбыс колонкаларын қайта жалғаңыз. (14-бетті
қараңыз.)
Soundbar құрылғысы мен сабвуфер арасында кедергі болса, мәселе
туындауы мүмкін. Құрылғыларды кедергілерден алыс аймаққа апарыңыз.
Жақын жерде радиожиілік сигналдарын жіберетін басқа құрылғылар
қосылымды үзуі мүмкін.
Динамикті осындай құрылғылардан алыс ұстаңыз.
Қуат штепселін ажыратып, қайтадан жалғаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать